Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 405 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА БІЛІМ АЛАДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 405 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА БІЛІМ АЛАДЫ

28.08.2026

Шымкентте 2026–2027 оқу жылында 1 386 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның 262-сі мемлекеттік, 1 124-і жекеменшік. Білім беру ұйымдарында 405 мыңнан астам бала білім алады. Бұл туралы бүгін педагогтердің тамыз конференциясында Шымкент қаласының білім басқармасы басшысы Қуаныш Ысқақов мәлімдеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 662 ұйым қызмет көрсетеді. Биыл 28 жаңа балабақша ашылып, 2 708 орын пайдалануға берілді. Қазір 2–6 жастағы 84 750 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Бұл көрсеткіш 85 пайызды құрайды.

Жаңа оқу жылында 29 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Өткен оқу жылында 766 түлек «Алтын белгі» иеленді. Сонымен қатар 1 196 оқушы 11-сыныпты, 1 608 оқушы 9-сыныпты үздік аттестатпен аяқтады. «Алтын белгі» иегерлерінің саны бір жылда 116 оқушыға өскен.

Шымкент оқушыларының халықаралық және республикалық білім додаларындағы нәтижесі де жоғары. Олар 16 алтын, 44 күміс және 63 қола медаль жеңіп алды. Ал 80-нен астам мектеп бітіруші әлемнің 100-ден астам жетекші жоғары оқу орнынан шақырту алып, халықаралық білім гранттарына ие болды.

Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға да басымдық берілуде. Қала бойынша 25 мұғалім «Үздік педагог» атағын иеленді. «Білім беру шебері» байқауына 13 мыңнан астам педагог қатысып, оның қорытындысында 10 мұғалім жеңімпаз атанды.

Инклюзивті білім беру бағытында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 13 мыңға жуық балаға арнайы білім беру және түзету қызметтері көрсетіледі. Сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, басқару процестерін цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Қосымша білім беру жүйесімен 112 мыңнан астам оқушы қамтылған. Жазғы кезеңде 224 мыңнан астам бала білім беру, кәсіби бағдар және дамыту жобаларына қатысты. Биыл дарынды балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру лагері де іске қосылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында қаладағы 35 колледжде 49 185 студент білім алады. 2026 жылы 14 598 түлек колледж тәмамдады. Оларды жұмыспен қамту мақсатында 1 420 жұмыс беруші кәсіпорынмен жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Білім беру инфрақұрылымын жаңарту бағытында биыл 6 мектеп пен 1 балабақшада күрделі жөндеу жүргізілді. Бұдан бөлек, оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін 7 мектепке қосымша ғимарат салынуда.

Жаңа оқу жылында білім сапасын арттыру, жасанды интеллект пен цифрлық құзыреттілікті дамыту, құндылыққа негізделген тәрбие мен басқарушылық жауапкершілікті күшейту негізгі басымдықтар ретінде белгіленді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.