Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Судьялар мен адвокаттар бас қосты
Жаңалықтар

Судьялар мен адвокаттар бас қосты

06.08.2021

Шымкент қалалық сотында судьялар мен адвокаттар дөңгелек үстел басында жиналды. Мұндағы мақсат – жаңа Әкімшілік сотқа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс аясында түсіп жатқан әкімшілік талаптардың алғашқы тәжірибесінен туындаған мәселелер бойынша пікір алмасу.
Жиынды Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Г.Қыдырбаева ашып, Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ағымдағы жылдың 1 шілдесінен жұмысқа кіріскелі түскен әкімшілік талаптардың 20 пайызға жуығы қаралмай кері қайтарылғанын айтты. Әкімшілік талаптарды қайтару себептері біртектес. Көбіне, осы соттың соттылығына жатпайтын немесе іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралмайтындықтан кері қайтарылып жатыр. Сотқа түсетін әкімшілік талаптардың басым бөлігі адвокаттар мен заң өкілдері арқылы түсетіндіктен, қордаланған мәлеселелерді талқылау күн күттірмейді деді алқа төрағасы өз сөзінде.
Қалалық соттың судьясы Б.Насирдинов Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс – дауласушы тараптарды сотқа дейін де, сотта да келісімге келуіне мол мүмкіндік беретінін айтты. Әкімшілік сотта қаралған алғашқы істер тараптардың бітімімен және медиация келісімін бекіту арқылы аяқталған. Осыны алға тартқан судья адвокаттардан, оларға жүгінген азаматтарға медиацияның тиімділігін түсіндірудің маңызды екенін атап өтті.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы М.Мұздыбаева сот өндірісіне шілде айында 140 талап арыз түскенін, соның 24-ісі кері қайтарылғанын айтып, нақты істерді мысалға келтірді.
Жиынға қатысушылар жұмыс барысында туындаған мәселелерді талқыға салып, өзара қызу пікір алмасты. Заң талаптарын сақтау арқылы, сотқа жүгінушілердің уақытын үнемдеп, артық қағазбастылықтан арылып, әрі жұмысты жүйелей түсу үшін осы тектес жиындарды тұрақты түрде өткізіп отыру келісілді.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.