Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»Абаттандыру қағидасын бұзған азаматқа әкімшілік шара көрілді
    Басты ақпарат

    Абаттандыру қағидасын бұзған азаматқа әкімшілік шара көрілді

    07.08.2021

    Шымкент – республикадағы үшінші мегаполис екенін ескерсек, қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір тұрғынның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Сондықтан тазалық мәселесі алдыңғы орында болуы заңдылық.

    Ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлық талаптың, сондай-ақ, мәдениет пен талғамның белгісі. Дей тұра, өз үйінің ішкі жинақылығымен ғана шектелетіндер бар. Себебі, қоқысты көшеге төгетін, үйдің жоғары қабатынан далаға лақтыратындар да кездеседі. Арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс тастай салатындар да бар.

    Осыған сәйкес, шымкенттік полиция қызметкерлері қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, көше бойына қоқыс тастаған жайттарды анықтау мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.

    Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Жангелдин көшесі бойына қоқыс шығарып, абаттандыру қағидасын бұзған азаматқа  ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасады.

    Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері шаһар тұрғындары мен қонақтарына тазалықты сақтауға шақырады, сондай-ақ, абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

    Мұның барлығы да тұрғындардың заң талаптарын сақтап, құқықбұзушылықтың алдын алу жолындағы жасалып жатқан оң тірліктер.

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.