Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАНДАРДЫ ЖЕДЕЛ ҰСТАДЫ
Басты ақпарат

ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАНДАРДЫ ЖЕДЕЛ ҰСТАДЫ

16.08.2021

Карантиндік шектеулер кезінде көп жерлерде алаяқтық жасау, ұрлық-қарлық жасау сияқты оқиғалар етек алуда. Соған орай Шымкент қалалық полиция Департаментінің қызметкерлері жұмыстарын ширатып, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауға, оларға қарсы құқық бұзушылықтарға жол бермеуге күш салуда.
2021 жылдың 10-тамызында Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үйінде тұрған 20.000 теңге тұратын ұялы телефонын, 6.000 теңге тұратын дыбыс зорайтқышын, 7.000 теңге тұратын шаш кептіргішін және 40.000 теңге тұратын киім-кешектерін ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының тұрғыны анықталып, тиісті орынға жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Ал қаланың Қаратау ауданының полицейлері велосипед ұрлаған азаматты тәулік ішінде ұстады. Қаратау ауданының Полиция басқармасына «102» арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, сыртқы қоршауы жоқ тұрғын жайының ауласында тұрған құны 87.000 теңгелік велосипедін белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.