Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАБУ МҮМКІНШІЛІГІ
    Басты ақпарат

    ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАБУ МҮМКІНШІЛІГІ

    19.08.2021

    Мемлекеттік Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жыл басынан бері 2000-ға жуық жастар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 6 ай мерзімінде «Жастар практикасы» бағытында тәжірибе жинақтады.
    Тәжірибе жинап, әрі жұмыс орнында жақсы нәтиже көрсетіп, тұрақты жұмысқа орналасқан жастардың бірі –Айдана Исабекова. Ол 2019 жылы «Азимед» колледжінде «Медбике» мамандығы бойынша білім алды. Оқу бітірген соң, өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, ағымдағы жылдың басында қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелді. Кейінен орталық мамандары жұмыс іздеуші жасқа жұмыс табудың тиімді жолын тауып, «жастар практикасына» қатысуды ұсынды.
    -Медицина мамандығы бойынша жұмыс жасап, көпшілікке көмегім тиіп, білікті маман болғым келеді. Осы клиникалық емханада алдымен жастар бағдарламасымен тәжірибе жинап, содан соң маған бұл жерге тұрақты жұмысқа қалуды ұсынды. Қуана бұл ұсынысты қабылдап, алдағы уақытта жақсы көрсеткіштерді көрсетемін»-дейді бағдарлама қатысушысы.
    Ағымдағы жылдың 3 тамызынан бастап Айдана Исабекова қаладағы №1 клиникалық емханасында «медбике» қызметкері ретінде тұрақты жұмысқа орналасты.
    Жастар практикасы – бұл мамандық бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатымен жүргізілетін оқу орындарының түлектерін уақытша жұмысқа орналастыру. Жалақысы 25 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
    «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 2500 жасты уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінде 2000-ға жуығы қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды. Ал, жыл басынан бері 6 ай мерзімінде тәжірибе жинақтағандардың ішінен 15-ке жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026

    БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: ТОҚАЕВ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМА ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫН БЕКІТТІ

    23.11.2026

    БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

    21.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026

    БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: ТОҚАЕВ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМА ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫН БЕКІТТІ

    23.11.2026

    БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

    21.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙЫП, 7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН БІРГЕ ҚАЛАЙТЫН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ, АЛ ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

    20.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚУАТЫН АРТТЫРУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ

    20.11.2026

    Шымкентте «Жаяу жүргінші» іс-шарасы барысында 3,5 мың құқық бұзушылық анықталды

    20.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.