Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ОТЫРАРДА ӘЛЕМ АҚЫНЫ МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ 80 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Аймақ

ОТЫРАРДА ӘЛЕМ АҚЫНЫ МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ 80 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

12.07.2022
Бүгін әлемге белгілі ақын, ұлт жанашыры, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы Отырар ауданында кең көлемде аталып өтті.
Алдымен ақын бастаған бір топ зиялы қауым Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, Құран бағыштады. Сонан соң «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында музей қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиында сатирик, журналист Көпен Әмірбек: «Қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанып, оны түрлендіре байыта түскен ақиық ақынның 80 жасқа толған мерейтойы туған жері — Отырардан бастау алуы үлкен құрмет» — деп ақынды құттықтады. Ал музей директоры Жангелді Махашов: «Жыр әлемінде өз ойы мен шындығын жүйелі көркем тілде, ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлаған ақынның еліміздің Тәуелсіздігі мен ана тілі үшін қосқан еңбегі орасан. Ұлт руханиятында ерекше орны бар аса көрнекті тұлғаның 80 жасқа толуына орай музей қызметкерлерімен кездесуі біз үшін бір ғанибет» — дей келе, дара тұлғаға шапан жауып, сый-сияпат табыстады. Кездесу соңында ақиық ақын қонақтарға ақ батасын берді.
Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мәдени шара бұдан әрі аудандық мәдениет сарайында жалғасын тапты. Әлемнің ақынына аудан тұрғындары ақбоз ат мінгізіп, құрмет көрсетті. Сахна төрінде ұлы ақынмен қатар, белгілі ақын Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы төрағасы Айдар Сейдазым кешті жүргізіп отырды. «Алтын домбыра» иегері, белгілі айтыскер Бекарыс Шойбековтың арнауымен басталған жиынға Қуаныш Айтаханов, Құлбек Ергөбек, Көпен Әмірбек, Жеңісбек Мәуленқұлов, Қазыбек Иса, Әлімжан Құртаев, Серікжан Сейітжанов, Ханбибі Есенғарақызы, Қалима Жантөреева, Бекжігіт Сердәлі сынды ел азаматтары қатысты. ҚР Мәжіліс төрағасынан, Қызылорда облысы әкімінен және еліміздің әр аймағынан келген жедел құттықтаулардан соң сөз алған Түркістан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев жылы лебізін білдірді. Ал Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан облыс әкімінің құттықтау хаты мен сый-сияпатын жеткізді. Мерейтой кеші Хадиша Шалабаева бастаған әншілердің өнеріне ұласты.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В Талдыкоргане гвардейцы задержали вооружённого ножом нарушителя

25.08.2026

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25.08.2026

Еще 40 семей получили жилье в микрорайоне Бозарык

25.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В Талдыкоргане гвардейцы задержали вооружённого ножом нарушителя

25.08.2026

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25.08.2026

Еще 40 семей получили жилье в микрорайоне Бозарык

25.08.2026

Бозарықтан тағы 40 отбасы баспаналы болды

25.08.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУАЛДЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

25.08.2026

Шымкентского чемпиона мира торжественно встретили в аэропорту

25.08.2026

Шымкенттік әлем чемпионын әуежайдан салтанатты түрде күтіп алды

25.08.2026

Ветераны высоко оценивают деятельность центра «Ізетті Зейнеткер»

25.08.2026

Ветераны высоко оценивают деятельность центра «Ізетті Зейнеткер»

25.08.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.