ИСЛАМ ДІНІ БҮЛІККЕ БАСТАМАЙДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Понедельник, 7 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ИСЛАМ ДІНІ БҮЛІККЕ БАСТАМАЙДЫ

ais_media ais_media
27.08.2022
Қоғам
0
ИСЛАМ ДІНІ БҮЛІККЕ БАСТАМАЙДЫ
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

«Ислам» сөзінің «бейбітшілік», «амандық», «тыныштық» «мойынсыну, бағыну» деген мағыналары бар. Ислам діні сансыз көп ұлттар мен ұлыстарды түрі мен нәсіліне қарамай бір шаңырақ астына біріктірген бүкіл әлемдік бауырмалдықты үйретеді. Сондықтан Ислам діні адамзаттық өркениетті байыта отырып, әрбір ұлттың өз болмысын сақтауын, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасқанын құптайды.

Елдің тұрақтылығына бүлік салғысы келетін діни ағымдарда бар. Қоғам ішінде бүлікшілік пен алауыздықты тоқтату – әрбір азаматқа міндет. Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері біздерге осыны бұйырады. Қоғамның бірлігі мен ынтымағы үшін жеке мүддеден бас тарта білу иманның кемелдігіне жатады. Әлемдік діндердің ешбірі қоғам тыныштығын бұзуға рұқсат бермейді. Сол секілді Ислам дінінің де ең басты ерекшелігі қоғамды басқарушы әміршіге әрбір мұсылманның бағынуын, тыңдауын талап ететіндігінде. Осыған қатысты  хадисте «Кімде кім бағынудан бас тартып, жамағаттан бөлініп кетсе әрі сол кеткен күйінде өлетін болса, онда ол надандық өліммен өлген болып есептеледі». Ал қоғамның тыныштығын бұзатын бүлік пен іріткі салушылыққа Алла тағала қатаң түрде тыйым салады. Құран аяттарында «Бүлік шығару адам өлтіруден де ауыр (күнә)» деген. Және де «Кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең..»  деген.

Міне, көріп отырғанымыздай, Алла тағала мұсылмандарға қоғам ішінде бүлік шығаруларына тыйым сала отырып: «Жер беті дұрысталғаннан кейін бүлікшілік жасамаңдар» деген аяттарда қатаң ескертекен.

Дәстүрлі Ислам тағылымы адамдарды жақын туыстар мен достарға, жолаушыларға, таныс пен бейтанысқа бірдей әділет көзімен қарауға, оларға жақсылық жасауға үйретеді. Исламдағы адам құқығы мәселесін мұқият зерделеп қарасақ, онда мұсылман адамның бәрінен бұрын өз жақын туыстары мен көршілерінің алдында міндеттерінің көп екендігін көруге болады. Мұсылманның өз туыстарының, жақындарының, халқы мен туған жерінің алдындағы борышын сезінуі, терең түйсінуі исламдағы отаншылдықтың негізі болып саналады.

Ислам діні ақиқат пен парасаттылық, адамгершілік пен кішіпейілділік секілді кісілік қасиеттерге үгіттейтін дін болса, Отан – сол қасиеттерді жүзеге асыратын, пенделерді өркениетке бастайтын ұлы ұғым. Олардың мүдделері ел игілігі, сол үшін де олар әрқашан бірге болуы, бірге қол ұстаса, иықтаса қызмет етулері тиіс.

Кез келген мемлекеттің гүлденуі, өркендеуі, ішкі тұрақтылығы мен ауызбіршілігіне байланысты. Қоғам ауызбіршілік, ынтымақтың арқасында  кез келген қиыншылықтарды жеңеді. «Байлық байлық емес, бірлік байлық» демекші қазақ халқының басына түскен талай қысылтаяң кездерде осы бірліктің арқасында жол тауып отырған.

Дәстүрлі Ислам бізден үй ішінен үй тігіуді немесе түрлі діни ағымдарға бөлініп, кейбір діни-саяси топтың қолшоқпары болып, бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйырады.

Дін — мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, отанды сүю, бейбітшілік пен тыныштық дәстүрлі Ислам дінінің басты мұраты, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін кереғар діни ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуден шаршамайық.

 

 Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

 

 

Алдыңғы мақала

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – ТАРИХИ ТАЛАП

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДІН МЕН ДӘСТҮРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ДІН МЕН ДӘСТҮРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

ДІН МЕН ДӘСТҮРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.