Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» КММ-нің 2023 жылғы жоспарына сәйкес, өңірімізде түсірілген көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау мақсатында облыс аудандарындағы мәдени орталықтар мен білім беру мекемелерінде кинокөрсетілім іс-шарасын ұйымдастыру жұмыстарының жалғасатынын хабарлаған болатынбыз.
Осыған орай, «Балаларға базарлық» кинокөрсетілім апталығы «Ә.Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі» ғимаратында ұйымдастырылып 400 оқушы көрерменді қамтыды.
Бүлдіршіндердің саналы дамып, ой-өрісінің толығуы жолында Отандық мультфильмдердің орыны айрықша. Мекемеміз осыны негізге ала отырып, жергілікті «САҚ» киностудиясының туындысы «Ордабасы — бірлік туы» және «Түркістан» анимациялық фильмдерін жас көрермендер назарына ұсынды.