Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ЖҰРТЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАУДА
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ЖҰРТЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАУДА

    15.04.2023
    Сонау ықылым заманнан бері қазақтың тарихымен біте қайнасып, заманына қарай жаңғырып, дамып, толықтырылып келе жатқан ұлттық спортымызды бірінші кезекте жауынгерлік жаттығу деп қарауға әбден болады.
    Өйткені, қай заманда болсын дайындығы күшті, шеберлігі мықты сарбаздар ғана шайқаста жеңіске жететіні, байырғы көшпенді бабаларымыз бейбіт күннің өзінде сарбаздардың жауынгерлік даярлығын жетілдіріп отырғаны тарихтан белгілі. Яғни, шайқас кезінде жауынгер қолданатын әдіс-тәсілді бейбіт күндері ұлттық ойын ретінде үздіксіз дамытқан.
    Бүгінде Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей қолдауымен жұмыс жүргізіп отырған “Ұлттық спорт клубы” мекемесінде ұлттық спорттың көкпар, теңге ілу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды түрлерімен 18 жасқа дейін және 18 жастан асқан азаматтардан 225 тұлға тұрақты түрде шұғылдануда. Жылдың басында жұмысын бастаған клубта 14 бапкер бар. Алдағы уақытта ұлттық спорттың барлық түрінен үйірмелер ашу жоспарлануда.
    “Аудан әкімінің тікелей қолдауымен бүгінде ат спортын дамытуға арнайы ипподром іске қосылып, жастарымызды жаттықтырып келеміз. Қазірше әр спортшы өз атымен жаттығып, қабілеттерін көрсетуде. Алдағы уақытта 10 көкпар ат алуды, ұлттық спорт түрлерінен облыстық, республикалық жарыстарды өткізуді жоспарлап отырмыз” дейді аудандық “Ұлттық спорт клубы” КММ директоры Ерлан Райымбердиев.
    Ұлттық спортты дамыту – жас буынның тарихи санасын жаңғыртудың бір жолы. Баршаға белгілі, тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпайды. Ал, тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатын сақтай отырып бет бұрған ауданда әлі атқарылар істер де аз емес.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    29.10.2026

    Студенттер пікірсайыста бақ сынады

    29.10.2026

    Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

    29.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    29.10.2026

    Студенттер пікірсайыста бақ сынады

    29.10.2026

    Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

    29.10.2026

    Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

    29.10.2026

    Чистый город начинается с каждого из нас

    29.10.2026

    ТАЗА АУЫЗСУ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

    29.10.2026

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.