Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКТЕРІНІҢ VII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКТЕРІНІҢ VII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІ ӨТТІ

10.10.2023
Облыс орталығында Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысын құттықтауында бұл шараның мән-мағынасы зор екені, матемиканың адамға берер пайдасы, Қазақстанда математиканың мықты мектебі қалыптасқаны, Конгрестің математика ғылымының дамуына тың серпін беретіні баяндалған. Сонымен қатар өңір басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бүгінгі өтіп жатқан Дүниежүзілік Конгресс біздің өңірде өтіп жатқаны үлкен мәртебе. Математика ғылымы – әлемге, оның ішінде түркі әлеміне Әл-Фараби, Әл-Хорезми, Абу Райхан Аль-Бируни, Мырза Ұлықбек сияқты ғұлама математик – ғалымдарды берді. Олардың аса дәлдікпен ашқан ғылыми жаңалықтары осы күнгі дейін адамзатқа қызмет етуде. Өңірімізде 1 мыңнан астам мектептерде 500 мыңнан астам оқушылар білім алуда. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы біздің облыста. 5 мыңға жуық педагогтар жаратылыстану-математика бағыты бойынша дәріс беруде. Республикамызда математика пәні мұғалімдері арасында бірінші болып «Түркістан облысы математика пәні мұғалімдерінің» қоғамдық бірлестігі құрылды. Облыста матемика бағытында оқушыларымыз халықаралық деңгейде жүлделі орындардан көрініп келеді. Бүгінгі өтіп жатқан Дүниежүзілік Конгресс біздің облыс жастарынының математика ғылымына деген қызушылығын арттырып, әлемдегі математика ғылымының дамуына елеулі үлес қосады деген сенімдемін, – деді облыс әкімі.
Облыстағы 12 мамандандырылған «Дарын» мектеп–интернаттарында жаратылыстану-математика бағытында 3600 оқушыға білім алуда. Ал республикада «Ең үздік 100 мектеп» қатарына Түркістан облысынан 11 мектеп ендірілген. Биыл «Азия-Тынық мұхиты» және «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасында 20 елдің арасында Түркістан облысының екі оқушысы жүлделі 3 орынға, сонымен қатар Өмірбек Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша Халықаралық олимпиадада Түркістан облысының командасы жүлделі орынға ие болды.
Ғылыми форум көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті академик Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының төрағалығымен 20-23 қыркүйек аралығында Түркістанда өтеді. Конгрестің негізгі мақсаты – ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымының дамуына және математиканың, ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде қолдануға үлес қосу.
Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен өтіп жатқан Конгреске әлемнің 20 мемлекетінен 400-ден астам математик ғалым қатысуда. Пленарлық 8 баяндаманы Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстанның әлемге танымал ғалымдары жасайды. Математиканың 10 бағыты бойынша секцияларда және бір шағын симпозиумда қазіргі математика ғылымындағы соңғы ғылыми нәтижелер бойынша 405 баяндама ұсынылады.
Математика ғылымын дамытудың және оның компьютерлік мүмкіндіктермен және өндіріспен байланысын нығайтудың маңыздылығын бәрі біледі. Осы бағытты басшылыққа ала отырып, ғалымдар қойылған міндеттерді іске асыруда математика ғылымының рөлін арттыруға ерекше назар аударады. Форум сонымен қатар орта және жоғары мектептерде ақпараттандыру мен математиканы оқытудың заманауи мәселелерін қарастырады. Пікір алмасуға және математика ғылымдарының соңғы жетістіктері туралы ақпарат алуға тамаша мүмкіндік беретін Конгресте түркі әлемінің математиктері көтерген өзекті мәселелерді бірлесіп шешу үшін ғылыми бағдарламалар дайындау көзделіп отыр. Ғылыми форум жұмысы барысында математика ғылымдарының дамуына ерекше үлес қосқан математиктер медальдармен марапатталады және TWMS Конгресінің лауреаттары болып жарияланады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.