Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, тұрғын үй, коммуналдық мәселелер, жол құрылысы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Асылбек Қанағат, денсаулық саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі және атқарылып жатқан жұмыстары туралы аудандық емхананың басшысы Бақыт Стамқұлов баяндама жасады.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кешенді шара қабылдап, бірлесіп, қоғам болып күресу қажеттігін айтты.