Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»«Баланың бәрі бақытты болу үшін жаралған»
Қоғам

«Баланың бәрі бақытты болу үшін жаралған»

05.01.2024
Осы бір әдемі әуен жүрекке соншалықты жылы тиеді. Иә, шын мәнінде де солай. Әуелден жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған қазақ қоғамы үшін бұл қағиданың құндылығы да осында болса керек. Тастанды бала дегенді білмеген текті халық кешегі аумалы-төкпелі заманда да бала тәрбиесін назардан тыс қалдырып көрген емес. 
Жалпы, адам өз өмірінің қожайыны дейтін болсақ, бақытты болу да әр адамның өзіне байланысты болып шығады. Яғни тәрбиесіне, әрекетіне қарай адамның тағдыры қалыптасады. Себебі, адам – өз өмірінің суретшісі. Соның бір бөлшегі балалық шақ деп аталады.
Адам баласы әр кезеңнің өзіне лайық бақыты болатынын сезіне бермейді. Мысалы, ең бірінші адам болып жаратылудың өзі бақыт десек, мұнымызға ешкім қарсы уәж айта қоймас. Сол сияқты ата-ана, туыс-бауыр, дос-жаранның ортасында жүрудің де өзі зор бақыт. Тәуелсіз елде тұрып жатқанымыздың өзі түсінген адамға үлкен бақыт болып саналады. Ал, балалық шақтың бақыты жайлы көп нәрсе айтуға болады. Әр адамға өзінің балалық шағы өміріндегі ең керемет кезеңі екенін де ескере жүргеніміз жөн.
Елімізде әрбір бала бақытты болуға лайық. Баланың бақытты болуының негізгі шарттарының бірі мектеп қабырғасында өз қатарластарынан қалмай білім алуы деп білеміз. Ендеше, сол бақытты бағалап, уақытты тиімді пайдаланып, бүгінгі бақытымызды ертеңгі жақсы күндерімізге жалғау да өзіміздің қолымызда екенін естен шығармайық.
Рас, кейбір отбасыларда түрлі келеңсіздіктер орын алып жатады. Ондайда мойымай, барынша тығырықтан шығатын жолдарды қарастырған жөн. Ол үшін проблеманы іште сақтамай, ең жанашыр адамдарыңмен сырласып, ақыл-кеңес сұраудың еш айыбы жоқ. Бұлттан кейін жарқырап күн шығатыны сияқты, қиын сәттердің де артында жақсылығы болатынын естен шығармайық. Иә, өмір болған соң түрлі қиындықтар кездеспей тұрмайды. Бірақ, ол қиындықтардың уақытша қиындықтар екендігіне сенсеңіз, оның соңы міндетті түрде жақсы болады.
Кейде үлкендердің өзара түсінісе алмауының кесірі жас балаларға тиіп жатады. Соның кесірінен бақытты балалық шақтың дәмін тата алмай, зорлық-зомбылық көріп жүргендер де кездеседі. Бірақ, оларды ондай қиын жағдайлардан алып шығу үшін, тығырықтан шығатын жол тауып беру үшін қоғамда түрлі әрекеттер қолға алынады. Елімізде зорлық-зомбылыққа байланысты көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Біздің мектебіміз де сондай іс-шаралардан қалыс қалмай, бастауыш сынып оқушылары арасында «Өмірді өзгерте аламыз», «Зорлық-зомбылықсыз өмір сүреміз», «Қатігездікке жол жоқ, мейірімділікке бар» атты тақырыптарында психолог мамандарымыз түрлі іс-шаралар, байқаулар өткізіп келеді. Мектебіміздің оқушылары мен ұстаздар қауымы аталған іс-шараларға бір кісідей қатысып, 9-11-сынып оқушылары «Зорлық-зомбылықсыз өмірді қалай құрамыз?» деген тақырыпта шығармалар жазып, өзара бақ сынасып жататынын да айта кетейік. Сонымен бірге мектептің педагогикалық ұжымы да «Бақытты балалық шақты қалаймыз», «Балалар саудасы – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыптарын негізге ала отырып, «дөңгелек үстел» мәжілістерін ұйымдастырды. Мұндай іс-шаралардың қоғамға тигізер пайдасы зор. Алдағы уақытта да жас жеткіншектеріміз алаңсыз білім алуы үшін, балаларымыздың балалық шағы мейлінше алаңсыз өтуі үшін бар күш-жігерімізбен жұмыс істейміз.
Қ.ӨМІРӘЛИЕВ,
Жеңістің 50 жылдығы атындағы №55 мектептің директоры.
Жетісай ауданы.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.