Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»ЕСІРТКІМЕН КҮРЕСТІҢ ЕСКІ ӘДІСІ НӘТИЖЕ БЕРМЕЙДІ
Қоғам

ЕСІРТКІМЕН КҮРЕСТІҢ ЕСКІ ӘДІСІ НӘТИЖЕ БЕРМЕЙДІ

08.01.2024

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан олардың мәселесі – жалпы елдің, қоғамның түйткілді түйіні. Жастар арасында мәселе де жоқ емес. Мәселен, соңғы уақытта есірткіге әуес жастардың қатары қалыңдап бара жатыр. Мұны ресми статистика дәлелдеп отыр.

Есірткімен күрес қаншалықты қарқынды жүргенімен, жастарды ғасыр індетінің құрығынан толық құтқару мүмкін болмай тұр. Күн сайын есірткі саудасымен айналысатын сайттар ашылып, саны көбеюде. Арнайы лабораториялар да көптеп анықталып жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, соңғы жылдары Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдардың саны азайып келеді. Десе де арқаны кеңге салып, бұны оң өзгеріс деп санауға болмайды. Өйткені олардың саны шын мәнінде өсіп жатыр дейді мамандар.
«Олар көбінесе біздің орталықтарға келмеуге тырысады. Өзіңіз білесіз біздің орталықта есепте тұрса, жұмысқа тұруы қиын. Қиын болғанда ешкім алмайды да оны. Сондықтан жекеменшік клиникаларға барып емделгенді дұрыс санайды» дейді психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев. «Тездік», «экстази», «метамфетамин», «тұз» — мұның бәрі жастар арасында кеңінен танылған психотроптық заттардың түрлері. Бұрын ол елімізге заңсыз жолмен Қытай немесе Ресейден кіргізілетін. Соңғы жылдары елімізде де әзірлене бастаған.

Айта кету керек, соңғы жылдардағы статистикалық есеп бойынша, Қазақстан бойынша 18 мың есірткіге тәуелді азамат есепте тұр. Оның 2500-і әйел болса, 94-і – жасөспірім. Тіркеудегілердің басым бөлігі – 14 пен 25 жас аралығындағылар. Қазіргі күрес әдісі өз нәтижесін жоғары деңгейде беріп отырған жоқ. Сондықтан тың, жаңа күрес әдісі қажет секілді. Себебі сайттар бұғатталғанымен, орнына жаңадан сайт ашып, сауданы жүргізе беру оп-оңай болып отыр. Осыны ескерсек екен…

 

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.