Берекесіз отбасында кикілжің көп — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Пятница, 12 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Берекесіз отбасында кикілжің көп

ais_media ais_media
20.01.2024
Қоғам
0
Берекесіз отбасында кикілжің көп
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
1999 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күрес күні деп белгіледі. Осы датаға орай, жыл сайын республика көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтеді. Биылғы акция әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, қоғамдағы отбасы рөлін күшейтуге және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталып отыр.

Еліміз тәуелсіздік алғалы әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда біраз оң нәтижелерге қол жеткізілді деп айтуға болады. Әйелдердің құқығын қорғау әрі олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту 1997 жылдан бастап мемлекеттік концепция аясында іске асырыла бастады. 1998 жылы 29 маусымда еліміз БҰҰ-ның «Әйелдерге қарсы кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» конвенциясына қосылды. Осылайша еліміз әйелдерді зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға міндеттеме алды. Дәл осы жылы Президент жанынан әйелдер және отбасы істері жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, жүйелі жұмыс істей бастады. Әйтсе де, отбасында орын алатын зорлық-зомбылық оқиғалары азаяр емес. Әсіресе, Қуандық Бишімбаевтың оқиғасынан кейін бұл жағдай қоғамда басқаша сипат ала бастады.

Жалпы, әйелге қол көтеру дегеніңіз өкінішке қарай, біздің ел үшін үйреншікті жағдайға айналып кеткен десек, бізге ешкім ренжи қоймас. Кезінде ағаларымыз жеңгелерімізді көкала қойдай қылып сабап, «бәрін тіліңнен тауып отырсың» деп айбат көрсетіп жататын. Әрине, мұндайда жеңгелеріміз де қарап қалмайтын. Тілінен сай-сүйегіңді сырқырататын небір сөздер төгіліп жататын. Есейе келе әйелді ұру деген абыройсыз дүние екенін ұғындық. Бір қызығы, күйеуі күн көрсетпесе де, сол жеңгелеріміз бала-шағасын шулатып, төркініне тартып отырмайтын. Құзырлы органдарға да шағымданбайтын. Сөйтіп жүріп әлгі мінезі жайсыздау ағаларымызбен бірге ағаратын.

Ал, бүгін заман өзгеріп, соған сай заңдарымыз да халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп жатыр. Оның үстіне, бүгінгі адамның дүниетанымы мен көзқарасы да өзгерген. Олардың дені сонау ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан отбасылық құндылықтарға батыстық көзқараспен қарайды. Алайда, ер мен әйелдің арасындағы «тартыс» әлі толастаған жоқ. Бүгінде күйеулерінен болмаса да, басқа ер адамдардан зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдер аз емес. Бұрынғыдай емес, қазір әйелдер соққыға жығылса, бірден тиісті орындарға арыз түсіріп, мәселені сол заматында біржақты етеді. Десе де, ауылда әйел құқығы деген әлі де «елден ұят боладының» көлеңкесінде қалып келеді. Бір жағынан ол да жөн секілді. Бәрібір жанға түскен жараны, сенімге түскен сызатты әйелдер құқығын қорғайтын ұйымдарды айтпағанда, заңның өзі де қалпына келтіре алмайды.

Біз көбіне әйелдерді ғана тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болады деп ойлаймыз. Ал, ер адамның «әйелімнен зорлық көрдім» дегенін естіп пе едіңіз? Сөйтсек, әйелдерінен психологиялық қысым көретін ер адамдар да бар екен. Осыдан бірер жыл бұрын Ақтөбе қалалық сотында әйелінен зәбір көрген азаматтың арызы бойынша сот отырысы өткенін көпшілік ұмыта қоймаған болар. Үш баланың әкесі әйелінен көрген зорлығын ұзақ уақыт жасырып келіпті. Әйелінен оңбай таяқ жеп, соққыға жығылған жәбірленуші тек қабырғасы сынған соң ғана сотқа ажырасу туралы арыз берген. Қаладағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істейтін әйел жұбайына қол көтергенін ешқандай қылмысқа баламайды. Қайта сотта өзін ақтап алу үшін түрлі сылтаулар айтады. Тіпті, күйеуінің соққыға жығылғанын мойындамай, істі жәбірленушіге жаппақшы болады. Алайда, сот күйеуінің ажырасу туралы арызын қанағаттандырып, әйелді жауапкершілікке тартады. Балалары әкесінің қамқорлығында қалады. Денсаулығына зақым келген әке біраз күн ауруханада жатып, ем алып шығады. Бұл ашық айтылған қылмыстың бір парасы ғана.

Айтпағымыз, ер мен әйелдің қарым-қатынасы үнемі өзара түсіністікке, сыйластыққа, келісімге негізделуі керек. Егер арада осындай өзара түсіністік орнаса, ол отбасыда тұрақтылық қалыптасады. Қазір осындай өзара сыйластық, түсіністік болмағандықтан, өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі бар әйел еріне бағынғысы келмейді. Ал, намысы бар еркек әйеліне кіріптар болуды қаламайды. Дегенмен, сол үйлесімділікті сақтап, ері әйелін, әйелі ерін құрметтеп отырған отбасылар да аз емес.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегетін әйел кез келген қоғамда бар. Адам болғаннан кейін жаға жыртысып, кейде бір-бірімен төбелесіп жатады. Бұған арақ, есірткі сияқты нәрселер араласатын болса, ол өзінің жақындарына шектен тыс күш қолдануға дейін барады. Сондықтан әрбір отбасыдағы қарым-қатынас берік үйлесімділікке негізделуі керек.  Ер азаматтар өзінің күшін қолы мен тілінен іздемей, парасаттылығына жүгінсе, ал, әйелдер өзінің күшін заңнан іздемей, еріне мінезімен, нәзіктігімен, сыпайылығымен жаға білсе, ешбір үйде кикілжің болмас еді. Отбасылық құндылықтарды сақтап қалуға екі жақ та мүдделі болатын болса, кейбіреулер айтып жүргендей, заңды қатайтпай-ақ, көп нәрсеге қол жеткізуге болады деп ойлаймыз.

 

Д.ТҰРСЫНҰЛЫ

Алдыңғы мақала

Адам өмірінен арзан ешнәрсе болмай тұр…

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жәбірленушінің ғана емес, күдіктінің де құқықтарын қорғаймыз»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
«Жәбірленушінің ғана емес, күдіктінің де құқықтарын қорғаймыз»

«Жәбірленушінің ғана емес, күдіктінің де құқықтарын қорғаймыз»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.