Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Әлеуметтік желіге салу «сәнге» айналды
Қоғам

Әлеуметтік желіге салу «сәнге» айналды

08.01.2024
Жасыратыны жоқ, соңғы кезде мектеп оқушыларының бір-біріне қысым көрсетуі, зорлық-зомбылық, әлімжеттік жасауы  сияқты жағымсыз әрекеттер жиі көрініс бере бастады. 
Жақында Мақтаарал ауданында басқа мектептен ауысып  келген 7-сынып оқушысын  екі сыныптасы ұрып-соғып, мұны үшіншісі телефонға түсіріп, «Тик-Токқа» жүктеп жіберген. Балалардың қатыгездігіне, оны мақтан етіп елге жария етуден қымсынып, ұялмағанына қайран қалдық. Өздерінің ерсі қылықтарын әлеуметтік желіге салуды «сән» көрген оқушылардың бұл тірлігін ата-аналары мектепке жиналысқа шақырғанда бір-ақ білген. Балаларының тәртібі мен тәрбиесіне бейтарап, салғырт қарайтын әке-шешесінің бұл қылығына не деуге болады?
Мектепте айында, жылында бір болатын бала тәрбиесіне қатысты жиналысқа барудан қашқақтап, лажы болса бармауға тырысатын ата-аналар да аз емес. Олар баланың оқуы мен тәртібіне мектеп жауапты, сол үшін жалақы алады деп, бәрін мектеп пен мұғалімге жүктейтіні өтірік емес қой.
Уақытының көп бөлігін смартфонға үңілумен өткізетін балалар әлеуметтік желіден не көріп жүр, одан өзіне пайдалы нәрсе ала ма? Осы мәселе әрбір ата-ананы ойландыруы тиіс. Себебі қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбиеленіп жатыр. Күн сайын балаға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жол көрсетіп отырмасақ, мұның соңы жақсылыққа апармайтынын ескеруіміз керек.  Күні ертең ұл-қызыңыз әлдеқандай жамандыққа ұрынып қалса, бұған ең алдымен ата-анасы, туыстары кінәлі болатынын ұмытпайық.
Жалпы, мектеп оқушылары арасындағы тәрбиені мықтап қолға алмаса болмайды. Тәрбиені мектеп ата-аналарға, ата-аналар мектепке сілтеп қоя салуға жол бермеу керек. Әсіресе жасөспірімдердің қолдарындағы телефонға мұқият болуымыз керек. Өйткені, жақсы да, жаман да осы құрылғы арқылы келіп жатқаны жасырын емес. Ата-аналар балаларының қолындағы телефондарға да назар аударып, олардың бос уақыттарында немен айналысатынын да бақылап отырса деген тілек бар.
Н.ТҰРҒАНБЕКОВА,
ата-ана. Мақтаарал ауданы.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.