Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – уақыт талабы
Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – уақыт талабы

06.01.2024

Халық сенім артып, жұмыс істеуіне мүмкіндік берілген басшы, әрбір мемлекеттік қызметші, жалпы әрбір адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуі тиіс. Өйткені, сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін зиянды әрекет. Заңды бұзу, халық қазынасына қол салу – арсыздық қана емес, қылмыс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар бойы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне селкеу түсіргенін білесіздер. Осы орайда халықтың әділдікке деген үміті азая бастады. Сондықтан менің сайлау алдында берген уәделерімнің бірі жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу болды» дей келе осы індетке қарсы күресті күшейтуді тапсырған болатын.

Түркістан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жобасына сәйкес, биылғы 31 наурыз — 16 мамыр аралығында облыстың 21 басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, ішкі талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағытына сәйкес, облыс аумағындағы 110 квазимемлекеттік сектор ұйымдары аталған жобаны іске асыруда. Квазимемлекеттік ұйымдардың  облыстық басқармаларға тиесілісі –  83 болса,  27-сі аудан, қала әкімдіктеріне бағынысты мекемелер. Квазимемлекеттік сектор ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ережені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтарын бекітті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізуде.

Облыстағы 110 квазимемлекеттік сектор ұйымында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары биылғы 23 маусым — 7 тамыз аралығында жүргізіліп, ішкі талдау жұмыстарының нәтижесімен жалпы саны 407 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

Жалпы анықталған 507 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шара жоспарларлы бекітіліп, соған енгізілген ұсынымдар толығымен орындалды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен 2026 жылға дейінгі әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары облыста іске асырылуда.

Облыста мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуға  биыл 340-қа жуық мемлекеттік қызметші жіберілді. Тоқсан сайын облыс, аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиялардың отырыстары өткізілуде. Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияның 3-ші тоқсандағы отырысы биылғы қыркүйек айында өткізілді. 4-ші тоқсандағы отырысын желтоқсанда өткізу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе көптеген іс-шара атқарылуда. Мысалы, биылғы шілде айында аудан, қала әкімдері мен облыстық басқармалардың лауазымды тұлғалары ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№69 мекеме» республикалық түзеу мекемесіне барып, жай-күйімен танысты.  Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдары қандай болатынын көрді.

Аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың ғимараттарында «Азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін жинақтау жәшігі» мен ақпарат бұрышында «1424» сенім телефоны, жемқорлыққа қарсы үнпарақтар  орнатылған.

 Мемлекеттік қызмет, басшылық – елдің аманатын орындауға берілген мүмкіндік және аманат. Осыған адал болып, адал қызмет ету – міндет.

Д.САТЫБАЛДЫ, Түркістан облысының әкімі

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.