Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»«Қылмыстық процестегі цифрландыру»
    Қоғам

    «Қылмыстық процестегі цифрландыру»

    06.01.2024

    Цифрландыруға көшудің бір тармағы электрондық форматта сот ісін жүргізу болып табылады.

    Оны іске асыру бүкіл қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етуге, уақыт пен қаражатты үнемдеуге, тергеу мерзімдерін қысқартуға, жүйелі және сапалы қадағалауға бағытталған.

    Бұл шешім сотқа дейінгі тергеу органдарының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, қылмыстық процеске қатысушылар үшін бірқатар мүмкіндіктер берді.

    Сот ісін жүргізудің ашықтығы қамтамасыз етілді, материалдарды бұрмалау тәуекелдері азайтылды, тергеу мерзімдері қысқартылды.

    А.ж. 11 айында электрондық форматта 4 965 қылмыстық іс немесе істерді жалпы тіркеудің 94% тіркелді.

    ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі — Комитет) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде 2020 жылы адвокаттарды автоматтандырылған тағайындау бөлігінде «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін Әділет министрлігінің «Е-Заң көмегі» жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етті.

    «Е-Заң көмегі» функционалының мақсаты халықты онлайн режимде білікті заң көмегімен қамтамасыз ету, адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.

    Бұл шешім азаматтарға жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді енгізу арқылы консультация беру сатысында пәрменді құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

    А.ж. 11 айында адвокаттарды тағайындау туралы 1 115 сұрау тіркелді.

    2021 жылы Комитет Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бірыңғай тізілімде жүргізуге және тіркеуге және жұмыс орнынан тыс (қызметтік кабинеттерден тыс) тергеу әрекеттерін жүргізу мүмкіндігіне арналған «СДТБТ-offline» қосымшасын әзірледі.

    Осы қосымша арқылы оқиға орнын тексеру, қылмыстық процеске қатысушылардан жауап алу хаттамаларын жасау, қылмыстық процеске қатысушылар деп тану туралы қаулылар шығару және т.б. көзделген.

    Бұл қосымша алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ең өзекті болып табылады.

    Бұдан басқа, 2021 жылы Комитет «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін «Е-Экспертиза» (Е-Сараптама) сот-медициналық сараптамаларды электрондық форматта тергеп-тексерілетін қылмыстық істер бойынша электрондық тағайындау және олар бойынша нәтижелерді одан әрі қабылдау мүмкіндігі үшін интеграциялауды іске асырды.

    Бұл функционал сот сараптамаларын жүргізудің іс жүргізу мерзімдерін қысқарту, сарапшылардың регламенттік мерзімдерді сақтауын бақылауды күшейту және қаржыны үнемдеу мақсатында жүзеге асырылды.

    А.ж. 11 айында қылмыстық істер бойынша 1 961 сараптама тағайындалды.

    Бұл инновациялық әзірлемелер тиімділік пен ашықтықты, сондай-ақ пайдаланудағы ұтқырлықты арттырады.

     

    ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі

    комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    09.10.2026

    🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.