Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»Жемқорлардың тізімі арнайы сайтта жарияланады
    Қоғам

    Жемқорлардың тізімі арнайы сайтта жарияланады

    05.01.2024

    Бүгінде қай сала немесе қандай мекеме болмасын, олардың халыққа берген есебіне көз жүгіртсеңіз, сыбайлас жемқорлықпен барынша күресіп жатқан кейіп танытады. Бірақ, сол есептің шынайылығына күдікпен қарайтындар да аз емес. Өйткені, күн сайын бір жемқор ұсталады. Жемқорлықты жою үшін жыл сайын мемлекет тарапынан қыруар қаржы да бөлініп жатыр. Бірақ, нәтиже көңіл көншітпейді. Мемлекет басшысы айтқандай, шын мәнінде, әділетті елге айналамыз десек, бүгінгі қоғам сыбайлас жемқорлық көріністерінен барынша тазаруы тиіс. Бұл заңсыздықтың жолын кеспей, әділетті қоғам құру, адал азамат қалыптастыру мүмкін емес.

    Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде жемқорлардың саны жыл өткен сайын көбейіп барады. Сарапшылардың мәліметінше, биыл сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 1000-нан аса сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Оның 800-ге жуығы ауыр, 280-нен астамы ауырлығы орташа қылмыс екен. Қылмыстың басым бөлігі алаяқтық, пара беру мен мен алуға байланысты болып келеді. Әсіресе, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану мен сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету, парақорлыққа делдал болу сынды әрекеттер жиі кездеседі. Жалпы, 1,5 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 860 миллиард теңге көлемінде мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды. Бұл жолы кесілгендері ғана, ал, айласын асырып, құтылып кеткендердің қоғамға қаншалықты зиян келтіргені белгісіз…

    Мысалы, жақында Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент тарапынан жүргізілген мониторинг барысында 7 мемлекеттік орган басшысының жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілеріне жол бергені анықталды. Нәтижесінде, аудан әкіміне, облыстық басқарма басшысына, 2 ауыл әкімі мен 3 бөлім басшысына 1,7 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Олар мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа заңмен талап етілетін декларацияларсыз қабылдаған.

    Осындай фактілердің көбеюіне байланысты елімізде жемқорлық қылмысы бойынша сотталған азаматтардың тізімі арнайы сайтта жарияланбақ. Бұл туралы Ташкент қаласында өтіп жатқан аймақтық конференцияда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші қызмет басшысының орынбасары Жігер Байділдин баяндады. Оның айтуынша, қоғамдық бақылауды күшейту үшін жемқорлардың тізімін жариялауға қатысты заңнамалық нормалар пысықталып жатыр.

    – Егер лауазымды тұлға немесе шенеунікке қатысты сот үкімі шығатын болса, онда ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің реестріне енгізіледі. Бұл деректер әрі қарай арнайы сайтта жарияланады. Кез келген азамат сайтқа онлайн кіріп, лауазымды тұлғаның қандай бап бойынша сотталғанын, қанша қаражат жымқырғанын көре алады, – деді Жігер Байділдин.

    Әрине, парақорлардың тізімін жариялау бойынша әуелі заңнамалық актілерді қабылдау қажет. Агенттіктің мәліметінше, бекітілуі мүмкін ереже ешкімнің заңды құқығын шектемеуі және ҚР Конституциясының талаптарына қайшы келмеуі тиіс. Ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, бұл жүйе жұмыс берушілер үшін тиімді болмақ. Нақтырақ айтатын болсақ, қандай да бір үміткерді қызметке алмас бұрын мекеме басшысы сол сайтқа кіріп, өзіне керекті мәліметтерді толық біле алады.

    Сот үкіміне сай жазасын өтеп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынған уақытын өткергеннен кейін реестрде тұрған азаматтардың деректері тізімнен алынып тасталуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі әзірге бұл талаптарды пысықтау үстінде.

    Т.Сейітханқызы.

     

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    09.10.2026

    🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.