Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Пара бермеңіз! Сотталасыз!
Қоғам

Пара бермеңіз! Сотталасыз!

09.01.2024
Бүгінгі қоғамда парақорлық пен жемқолық араласпаған сала қалмаған шығар?! Біздің түсінікте параны тек шенеуніктер алып, тек солар жазаланады. Ал, пара берудің қылмыс, берушіге де заң алдында жаза бар екенін былайғы жұрт ескере бермейді.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына кесірін тигізеді. Елімізде жемқорлықпен күрес шаралары жүйелі жүріп жатыр дегенмен, қылмыстың бұл түрі азаймай тұр. Мемлекет бюджетін мақсатсыз пайдалану, қызмет бабын жеке бас пайдасына жарату, жұмысқа қабылдау барысында пара талап ету, тексеріс мекемелерінің келуіне орай қаржы жинау секілді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қоғамда жиі ұшырасып келеді. Бұл жайлы Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев та ашық айтып, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырып келеді. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлыққа жол бермеу керек дегенді де айтты Президент.
Бүгінде қай жерде ақша көп, сол жерде парақорлықтың исі шығады. Елімізде көбіне ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, коммуналдық сала, денсаулық сақтау салаларында сыбайлас жемқорлық фактілері көп тіркеледі. Бір ғана агроөнеркәсіп кешенінің айналасында дау-дамай, айғай-шу басылар емес. Нақтыласақ, ауыл шаруашылығындағы субсидияларға байланысты жемқорлық деректердің көп анықталатыны бәрімізге жасырын емес.
Жемқорлық фактілерінің орын алуына негізінен пара алушы ғана емес, пара беруші де жауапты. Алайда, олар пара беріп, қылмыс жасап жүргенін сезбейтін де сияқты. Әйтеуір пара алғандар ұсталудай ұсталып-ақ жатыр. Бірақ, одан ығып жатқан ешкім байқалмайды. Жемқорлықтағы екінші тарап, яғни пара беруші әрдайым жазасыз қалып қояды. Мұның өзі сыбайлас жемқорлықты жоюға айтарлықтай кедергі келтіреді. Көп жағдайда пара берушілер де алушыны заңсыз әрекеттер жасауға итермелейді, олар параны да сол үшін береді. Халық арасында пара берушілерге де жауапкершілікті күшейту керек деген пікір жиі айтыла бастады.
Пара алу ғана емес, пара беру де – қылмыс. Сондықтан біреуден бірдеңе аларда, берерде ойланыңыз! Сотталып, темір тордың арғы жағынан бір-ақ шықпаңыз!
Т.Сейітханқызы.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.