Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Енді мұндай кездесулер тұрақты түрде өтеді
Қоғам

Енді мұндай кездесулер тұрақты түрде өтеді

03.01.2024
Түркістан қаласында билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты нығайту мақсатында облыс әкімдігі, прокуратура, экономикалық тергеп-тексеру департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің басшылық құрамы облыстағы бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, облыс прокурорының орынбасары С.Келдібеков, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е.Балғабаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Арынбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры
А.Ибадуллаев және мемлекеттік органдардың өкілдері, қаржылық ұйым басшылары мен жүзден аса бизнес өкілі қатысты.
Кездесуде бизнесті қорғау, бизнесмендерге қолайлы жағдай жасау мәселелері жан-жақты талқыланып, кәсіп жүргізуге кедергі келтіретін факторлар сараланды. Кәсіп иелері сала басшыларына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров облыс әкімдігі жұмысының күн тәртібіндегі негізгі мәселелерінің бірі – өңірдегі бизнес климатты және инвестициялық ахуалды жақсарту екенін айтып өтті.
– Шағын және орта бизнес – кез келген ел экономикасының негізгі драйвері. Бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындары құрылып, өңірдің әлеуметтік экономикалық жағдайы жақсарады. 2023 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының барлық салаларында оң өсімге қол жеткізілді. Бұл жерде түрлі салаларда қызмет ететін өңір кәсіпорындарының айрықша үлесін атап өткен жөн. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,3%-ға ұлғайып, 864 млрд. теңгені құраса, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 6%-ға артып, 394 млрд. теңгеге жетті. Өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 268 млрд. теңгеге көбейіп, 848 млрд. теңгеге жетті. Қабылданып жатқан шаралар, облысымыздың бизнес климатын жақсартуға бағытталған. Осы қолдауларды тиімді пайдаланып, бірлесе жұмыс істеуге шақырамын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды сіздердің кәсіпкерлік бастамаларыңызға әрқашан қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізгім келеді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Елімізде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің басым бөлігі Алматы және Астана қалаларынан кейін Түркістан өңірінде шоғырланған. Осы жылдың 10 айында кәсіпкерлік субъектілерінің саны 28 мыңға көбейіп, 213 мыңға жетті.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Ибадуллаев бизнесті қолдау және қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Биыл палатада кәсіпкерлік субъектілерінен түскен 185 арыз қаралып, оның 80-і бойынша кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері, сонымен қатар 960 млн. теңгеден астам мүліктік құқықтары қорғалған. Бизнестің құқығын қорғаудағы негізгі тиімді құралдардың бірі – кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеті болып қала бермек. Жыл басынан бері кеңесте 11 отырыс өткізіліп, онда бизнестің жекелеген және жүйелі 24 мәселесі көтерілді. Нәтижесінде, мемлекеттік және құзырлы органдарға 47 хаттамалық ұсыныс енгізіліп, оның 35-і өзінің оң шешімін тапты, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.
Жиында облыс прокурорының орынбасары С.Келдібеков кәсіпкерлікті қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты екендігін атап өтіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов бизнесті және инвестицияны қолдау бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, инвестициялық мүмкіндіктерге кеңінен тоқталды. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е.Балғабаев «Бизнесті қорғау» жобасының жүзеге асырылу барысын бизнес өкілдеріне түсіндіріп өтті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Бизнеске жол» жобасының жүзеге асырылу барысын баяндады.
Жергілікті әкімдік тарапынан өңір кәсіпкерлерін қаржылай қолдау, қажетті инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл кәсіпкерлерге берілген жеңілдетілген несиелер көлемі 49 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-бен 19,8 млрд. теңге, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 29,2 млрд. теңге қаралған. Толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 9 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақтар қызмет етеді. Мұнда коммуналдық тарифтер жеңілдетілген және бірқатар салықтық жеңілдіктер көзделген. Қазіргі таңда қосымша 5 ауданда индустриалды аймақтар құрылуда.
Жиын соңында кәсіпкерліктегі қордаланған проблемаларды шешу бойынша бизнес өкілдері, облыс әкімдігі және құқық қорғау органдарының бірлескен жол карталары қабылданды. Осындай форматтағы кездесулерді тұрақты өткізу келісілді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.