Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТАУ ТОБЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ 
Жаңалықтар

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТАУ ТОБЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ 

02.02.2024
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Түркістан қаласында болып, Түркістан қаласының жастарымен кездесті. Топ құрамындағы бірінші штаб офицерлерінің сапары әскерге шақыруға дейінгі жастар арасында әскери қызметті дәріптеу мен насихаттауға бағытталды. Іс-шаралар оқу орындарының қабырғасы мен «Фараб» кітапханасының концерт залында өткізілді.
Кездесулерге қатысқан офицерлердің бірі – Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі подполковник Дәулет Бейсеков. Ол өз сөзінде әскери қызметке шақыру тәртібі мен әскери оқу орындарына қабылдау талаптары туралы кеңінен айтып өтті. Жастар оны үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, көтерілген тақырыпқа қызығушылық танытты.
Қорғаныс министрлігінің тағы бір өкілі, Әскери ғылым және білім департаментінен келген майор Сәбит Сыздықов сарбаздардың міндетті әскери борышын өтегеннен кейін алатын жеңілдіктері туралы толығырақ айтып берді. Жастар оны бар ынтамен тыңдап, әскери қызметтің абыройлы ғана емес, тұлғалық және кәсіби шыңдалуына да пайдалы екенін түсінді.
Іс-шараға қатысушылар Қорғаныс министрлігі офицерлеріне берген ақпараттары мен қойылған сұрақтарға жауаптары үшін алғыстарын білдірді. Біразы әскери қызмет саласында білімдерін шыңдауға ниет білдіріп, әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін қарастырды.
Министрлік өкілдерімен өткізілетін мұндай кездесулердің жастардың отаншылдық сезімін қалыптастыру және әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруда маңызы зор. Олар әскердегі жастарға берілген мүмкіндіктер туралы ақпарат беріп қана қоймай, жастар мен әскерилер арасындағы сенімді нығайтуға да септігін тигізеді.
Бұл күні Қорғаныс министрлігінің өкілдері түркістандық жастармен кездесуден бөлек, Ұлы Отан соғысының ардагері Немет Абрасиловқа арнайы барды. Олар қан майданды соңғылардың бірі болып өз көзімен көрген 102 жастағы ақсақалдың ақ батасын алды. Елордалық қонақтар қарт майдангерге Қорғаныс министрінің Алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады!
Ардагерге Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымымен бірге Астанадан арнайы келген Ұлттық ұлан ансамблі өнер көрсетіп, соғыс жылдарының әндерін тарту етті.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

21.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

21.09.2026

ФИНАНСОВАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ: МОЛОДЕЖЬ НЕ ДОЛЖНА ПОДДАВАТЬСЯ НА УЛОВКИ МОШЕННИКОВ

21.09.2026

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

21.09.2026

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

21.09.2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

21.09.2026

«ТАЗА КАЗАХСТАН»: ТЫСЯЧИ ПОЛИЦЕЙСКИХ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЫШЛИ НА СУББОТНИК

21.09.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ МЫҢДАҒАН ПОЛИЦЕЙІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

21.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.