ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Пятница, 22 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ais_media ais_media
02.06.2024
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
0
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қосағаш елді мекеніндегі 300 орындық жайлы мектебінің құрылысымен танысты. Облыс басшысы мердігермен кездесіп, жұмыс барысын пысықтады. Ұлттық жобаны іске асырудағы проблемаларды талқылады. Құрылыс материалдарымен қамтуға қатысты мәселені талқылады.
Құрылысқа жергілікті тұрғындар тартылған. Құрылыс алаңдарына бейнекамералар орнатылып, жұмыс процессі тиісті бақылауға алынған. Бірыңғай стандарт бойынша салынып жатқан жайлы мектептер заманауи технологиялық және инженерлік жабдықтармен, ыңғайлы оқу және корпустық жиһазбен қамтамасыз ету де тапсырылған. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.
Жалпы, Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жаңадан 3 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Достық елді мекеніндегі 900 орындықты, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта – 300 орындық білім ошағының құрылысы биылғы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.
Төлеби ауданында тағы бір балалар лагері іске қосылды. Қасқасу елді мекеніндегі «Көктөбе» балалар лагерінде бір мезгілде 250 бала демалады. Жаңа демалыс аймағында ыңғайлы жатын орындары, арнайы жабдықталған алаңдар бар. Лагерьде балалар үшін танымдық сабақтар, спорттық жарыстар, командалық ойындар, тауға серуендеу ұйымдастырылады.
Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері ( 7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.
Аудан экономикасы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, бизнестің тұрақты көзі болатын саланың бірі – балық шаруашылығы.
Сондықтан балық өсіруді қолға алып, шаруашылықтың бұл түрін кәсіп көзіне айналдыруды көздеген кәсіпкерлер саны Төлеби ауданында артып келеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жаңажол елді мекеніндегі балық шаруашылығымен танысты. Жеке кәсіпкер 3 гектар аумақта 7 арнайы бассейн жасап, форель өсіруде. Жылына 300 тонна балық өндіруді жоспарлауда. Жоба құны — 800 млн. теңге.
Жалпы, аудан аумағында балық шаруашылығымен 14 кәсіпкер айналысады, оның ішінде (2 бірлік су қоймада) 5 шаруашылық 2023 жылы ашылды. Шаруашылықтар негізінен бекіре, фарель, сазан, карп, дөңмаңдай, ақ амур балығын өсіруде.
Алдыңғы мақала

ТАЗАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАУШЫҚҰМ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАУШЫҚҰМ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАУШЫҚҰМ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.