Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 АЙДА 60 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 АЙДА 60 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

12.07.2024
Бүгін Түркістанда халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру, аз қамтылған отбасылар санын азайтып, кәсіпке баулу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға жұмыспен қамту басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Баяндамалар мен есептер тыңдалды. Халықты жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер мен кедейлік көрсеткішін төмендету шаралары кеңінен талқыланған жиналыста облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де ширата түсу керектігін ескертті, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz.
– Биыл бекітілген индикатордың толық орындалуын қамтамасыз ету қажет. Аудан, қала әкімдігіндегі жауаптыларға «Өңірлік жұмыспен қамту картасында» көрсетілген межелерге қол жеткізуді тапсырамын. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтудағы және мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында анықталған кемшіліктер жойылсын. Кедейлікті төмендету шаралары жүйелі түрде жүргізілсін. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке жарамды азаматтардың табысын арттыру мақсатында жұмыспен қамту шараларының белсенді түрлеріне тартып, тұрақты жұмысқа шынайы орналасуын қадағалаңыздар. Аталған көмекті тағайындаудың заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізу керек. Жұмысты ширатыңыздар. Баяндамада айтылған мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыс жүргізілсін. Кейбір аудандарда жұмыспен қамту деңгейі төмен. Аудандарда жұмыспен қамту бағытында насихат-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәліметтер ұсынылсын, – деді Б. Тәжібаев.
Мәжілісте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Құдайбергенов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары К. Мирова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Н.Нұрашов өздеріне бекітілген салалар бойынша баяндама жасады.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың тарапынан халықты жұмыспен қамту, жастарды шағын несиелеу жұмыстарын ұйымдастыру, аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету, мүгедектігі бар адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуын реттеу және де саладағы өзге де мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берілді. Сондай-ақ баяндамада айтылған көрсеткіштері төмен аудандарға ескерту беріліп, жұмысты жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, Түркістан облысында биыл 118,9 мың жұмыс орнын ашу бойынша облыс басшысының бастамасымен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілді. Оның ішінде 108 мың адамды тұрақты және уақтыша жұмыс орындарына, 3,7 мың адамды ұлттық жобалар мен бағдарламаларда ашылатын жұмыс орындарына жолдау және 7,2 мың адамға грант пен шағын несие беру көзделген.
Биылғы I жартыжылдық жоспарына сәйкес 69,6 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып, нақты 60,4 мың адам жұмыспен қамту шараларына жолданды. Тиісінше, I жартыжылдық жоспар 86,8% орындалды. Одан бөлек, аз қамтылған азаматтардың табыстарын арттыру арқылы кедейлікті төмендету бойынша жұмыстар да жалғасуда. Биыл 116,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 12,2 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ кедейлік деңгейін төмендету жөнінде аудан, қала әкімдерімен меморандумдар түзіліп, АӘК көрсетудің 2024 жылға жоспары бекітілді. 1 шілдедегі жағдайы бойынша 13,569 мың отбасыға немесе 81,2 мың адамға 3,8 млрд. теңгеге АӘК тағайындалып, аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халық санының 3,8%-ын құрап отыр.
Түркістан облысында 99,2 мыңнан астам мүгедектігі бар азаматтар есепте тұр. Биыл облыста мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 12,3 млрд. теңге бөлінген.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.