Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІНЕ САЙ ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
    Жаңалықтар

    ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІНЕ САЙ ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    02.08.2024
    Шымкент қаласы Қаратау ауданында көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан осы жылы 130 бейнекамера орнатылады. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғанатын болады. Бұл туралы аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ерлан Бекназаров айтты.
    Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен, 595 көше, 29762 жеке тұрғын үй, 603 көп қабатты үй бар.
    – Аудан аумағында 603 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. 210 ауланың 189-ы абаттандырылған. 2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында 21 балалар ойын алаңы, көп қабатты үй аумағында 5 аула мен 9 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100 % абаттандыру жоспарда бар. Сондай-ақ, аудан аумағындағы орталық көшелердегі көп қабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіріп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасына 52 көпқабатты үйдің қасбетін реттеу және әрлеу үшін ұсыныс жолданды, – дейді Ерлан Нұрланұлы.
    Қаратау ауданы аумағында тұрғындардың сұранысы мен өтініштеріне сәйкес барлық жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Алдағы уақытта да ауданның бес жылдық даму жоспарына сәйкес ауқымды жұмыстар жалғасатын болатынын айтқан Ерлан Бекназаров жалпы ауданда инфрақұрылым жүйелерін дамыту, абаттандыру, жарықтандыру мен жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілгенін айтты.
    Ауданда инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен атқарылып, ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 пайызға жеткен. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталып, осы жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 пайыз. 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағына электр жарығының құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі таңда, аталған аумақта абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Жұмыстар аяқталса, қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайының жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Жоспарланған іс бітсе, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 пайыз болады.
    Сонымен қатар, аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 33 мекенжай анықталып, 2023 жылы 17 орынға, ұзындығы 15,1 шақырым ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. 2024 жылы 11 орынға, 9,5 шақырым ирригациялық арық жүйелерін салу жұмыстары жүргізіледі. Ал, қалған 9 орынды 2025 жылы атқару жоспарда.
    Сондай-ақ, 2024 жылға дейін аудан аумағындағы 266 көшені жарықтандыру жоспарланған. Аудан аумағында жалпы 595 көше бар. Оның 125 көшесі жарықтандырылған. Аталған жұмыс Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылады.
    Ал, 2024 жылы аудан аумағында жалпы 45 көшеге 33,2 км. асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, барлық көшелерде жұмыстар басталған және аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауына алынған.
    Қаратау ауданы аумағында 2 саябақ, 9 гүлзар бар. Аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудан аумағында 2023 жылы 6 гүлзар пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 8 гүлзар пайдалануға беріледі.
    «Шымкент келбеті»
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.