ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Понедельник, 18 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

ais_media ais_media
02.08.2024
Аймақ, Жаңалықтар, Экономика
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Өткен жылы арнайы сарапшылармен Түркістан облысының экономикалық моделіне талдау жүргізіліп, 2030 жылға дейін стратегиялық бастамаларды жүзеге асырудың жол картасы әзірленді. Даму жоспарында негізгі әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелер анықталып, оны шешу жолдары және даму басымдықтары айқындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында жол картасының басым бағыттары мен алдағы жоспардың басты мақсаттары сараланды.
– Жоспардың басты мақсаты – 2030 жылға дейін жалпы өңірлік өнім көрсеткішін 2 есе көбейтуге қол жеткізу. Әрбір басқарма, әрбір аудан, қала әкімдіктері стратегияны орындау жоспарын әзірлеп, арнайы жиында қорғайды. Барлық аудан, қаланың жоспарын қарап шығамыз. Басты бағыт – өндіріс орындарын көбейту, өңірдің өзіндік кірістерін молайту. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту сынды басым бағыттар және өзге де салалар бойынша нақты ұсыныстар енгізілуі тиіс, – деді Дархан Амангелдіұлы.
Жол картасы 8 негізгі басым бағыттан тұрады. Бұл туралы Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек кеңінен баяндады. Оның мәлімдеуінше, осы жылдың 6 айында қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 6,5 %-ға өскен. І жартыжылдық қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер толығымен орындалды.
Ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 217 млрд теңгеге жетіп, өсім 107,1% деңгейінде қалыптасты. Жыл қорытындысымен бұл көрсеткішті 110%-ға жеткізу көзделіп отыр (1,4 трлн теңге). Облыс аумағында егістік алқаптарға су үнемдеу технологияларын ендіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл су үнемдеу технологияларын 22 мың гектар жерге енгізу көзделсе, жыл басынан бері 12,9 мың гектарға енгізілді. Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағыттында 2 кәсіпорын іске қосылды. Атап айтқанда, жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығаратын «BNK Group LTD» зауыты және «Тұран су» МКК-ның тамшылатып суғару жүйесін шығару кәсіпорны өз жұмысын бастады. Осы кәсіпорындар есебінен ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілмек.
Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 45 жобаны іске асыру жоспарланса, 6 айда 13 жоба іске қосылды. Нәтижесінде, 136 жаңа жұмыс орны құрылды. Жол картасында индустриализацияны дамытуға үлкен назар аударылған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 6 айда 552 млрд теңгеге жетіп, өсім 106,8%-ды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 253,1 млрд теңгені құрап, өсім қарқыны 111,2%-ға жетті. Салада жыл басынан бері 7 жоба іске қосылып, 290 жұмыс орны ашылды.
Жол картасында шағын өндірістік оазистер құруға басымдық берілген. Облыста 42 өндірістік ғимарат орналасатын шағын өндірістік парк жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жобаның І кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Жалпы 30,7 млрд теңгеге 10 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде 24,2 млрд теңгеге 7 жоба іске қосылды.
Облыста аумағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы және 10 индустриалды аймақ бар. Онда 93,5 млрд теңгеге 83 өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, 51 жоба толық іске қосылды. «TURAN» АЭА 2 өнеркәсіптік алаңында және «Түркістан» индустриалды аймағының кеңейтілген алаңында инфрақұрылым салу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Қазығұрт, Келес және Сауран аудандарында индустриалды аймақтар құрылды.
Облыс экономикасына 6 айда 421 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 37,8%-ға артты. Оның ішінде, 82%-ы жеке инвестиция құрайды. Экономиканың өсіміне серпін беретін 2,2 трлн теңгеге 145 инвестициялық жоба пулы қалыптасты. Жобалар толық іске қосылған жағдайда, 17,7 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал, жыл басынан бері 601 жаңа жұмыс орнымен 15 жоба іске қосылды.
«Өңір экономикасында алға жылжу бар. Дегенмен, бірқатар бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыру қажет» деген өңір басшысы жауапты сала басшыларына туризмді дамыту және креативті индустрияны қалыптастыру, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласына жаңа жобалар енгізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 4520 АБОНЕНТ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 4520 АБОНЕНТ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 4520 АБОНЕНТ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.