Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

06.08.2024
Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды қолдану көзделіп отыр. Бұл мәселе Түркістан облысы, Сайрам ауданында өткен дала семинарында кеңінен талқыланды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ғалымдармен, шаруалармен пікір алмасты.
«Ауыл шаруашылығын дамыту: «ЭКО-бақ» жүзімдік алқаптарында экспортқа бағытталған, нарықта жоғары сұранысқа ие жүзім сұрыптарын өсіруде озық инновациялық технологиялар және заманауи машиналар кешенін тиімді пайдалану» тақырыбындағы «Егінжай күні» дала семинарына білікті ғалымдар, шаруалар, кәсіпкерлер қатысты. Өзбекстаннан келген сарапшы, «Eco Fruit Conseil» компаниясының басшысы Шухрат Аброров көрші елдегі жүзім өсіру тәжірибесін таныстырды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жүзім шаруашылығының маңызына тоқталды.
– Таптаурын тәсілдерден қашып, жаңа технологияларды батыл енгізу керек. Ғылым, ауыл шаруашылығы дамып бара жатыр. Биыл Қытайға барған сапарымызда жүзім алқаптарын көрдік. Өнімділік өте жоғары әрі жүзімдері ерекше дәмді. Біздің шаруаларға қалай өсіруді үйретуге дайын. Облысымызда жүзім шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Әр ауыл белгілі бір кәсіп түрі мен шаруашылыққа бейімделіп, жүйелі түрде өнім шығарса ғана экспорттық әлеует көтеріледі. Бірігу, ірілену, жаңа технологяиларды енгізу өте маңызды. Бұл ретте ғалымдарымыз да көмектесіп, жүзімнің төзімді, өнім мол беретін түрлерін әзірлеуге қолдау көрсетеді деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.
Семинарда «ДАНА» модельді шаруашылығының құрылтайшысы, ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі Бердияр Қалымбетов Сайрам ауданына зерттеуден өткізілген жүзім сұрыптары егілгенін, олар жайқалып өсіп жатқанын мәлімдеді. Арнайы технология мен машиналар кешенімен таныстырды. 3 гектар жерге жүзім егілген. Жүзім сорттары экспортқа бағытталған. Нарықта жоғары сұранысқа ие жүзім сұрыптарын өсіруде. Озық инновациялық технология және машиналар кешенін тиімді пайдалану арқасында 1 гектардан 15 тонна өнім алу жоспарланып отыр. 20 түрлі ауыл шаруашылығы техникасы мен шағын машина технология станциясы бар.
Семинарда жүзім шаруашылығынан бөлек, ағаштар мен өсімдіктерді түрлі аурулардан, зиянкестерден қорғау,өнімділікті арттыру, ғылыми жетістіктерді өндіріске жедел енгізу жолдары қаралды. Ұсынылған идеялар бойынша тиісті жұмыс жүреді.
Облыс әкімі Сайрам ауданындағы жұмыс сапарында «Манкент» шипажайы аумағында болып, су үнемдеу технологиясын ендіру аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аталған шипажай Алматы қаласынан ЖК «Agro Line KZ» сатушы мекемесінен 3 дана JP90-450 барабан типті жаңбырлатып суғару машиналарын сатып алып, жоңышқа алқабына орнатқан. Бүгінгі таңда жаңбырлатып суғару жұмыстары атқарылуда. Жобаның құны 37,2 млн теңгені құрайды, қаражат толығымен шипажай басшылығының өз қаржысымен жүзеге асты. Жобаның ерекшілігі –қарапайым тәсілмен суғарылатын жоңышқалық алқапқа қарағанда ағын су көлемін 50%-ға үнемдейді. Өнімділікті әр гектарынан 200 центнерге дейін жеткізеді.
Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығында тамшылатып суғару, жаңбырлатып суғару технологияларын енгізу негізгі міндеттердің бірі екенін айтты. Осы бағытта өңірімізде су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындар ашылып жатыр. Тиісті жұмыстар жалғасады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.