Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»1,7 млн қазақстандық оқушы тегін тамақтанумен қамтылады
Жаңалықтар

1,7 млн қазақстандық оқушы тегін тамақтанумен қамтылады

06.08.2024
Олжас Бектенов: 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн бастауыш сынып оқушысы мен мемлекеттік қолдауға мұқтаж балалар тегін тамақпен қамтылады.
Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов балаларды 1-ші сыныпқа қабылдау процесін дұрыс ұйымдастыру және мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне назар аударды.
Жаңа оқу жылында 360 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Олжас Бектенов қабылдау процесінің белсенді жүріп жатқанын, оны дұрыс ұйымдастыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар бұрын балабақшаларға бармаған болашақ бірінші сынып оқушыларына көбірек көңіл бөлген жөн. Ол үшін мектепке дейінгі мекемелердегі консультациялық пункттердің қызметін жандандыру қажет.
«Жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілуге тиіс. Биыл 500 мыңнан астам бала үшін 22 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделген. Әкімдіктер мектеп формасы мен керек-жарақтарды сатып алу үшін қаражаттың ата-аналарға уақтылы жіберілуін қамтамасыз етсін», — деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-Министр 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы: бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал санаттағы балалар тегін тамақпен қамтылатынын айтты. Мектептерде тегін тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында әкімдіктер қажетті қаражат бөлді.
Сонымен қатар Атырау, Түркістан, Жамбыл облыстарының бірқатар мектептерінде асхана жоқ. Олжас Бектенов аталған өңірлердің әкімдіктеріне тамақтану сапасын және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Оқу-ағарту министріне барлық мектептердің оқулықпен толық қамтамасыз етілуін бақылауда ұстау тапсырылды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.