Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: РУХАНИЯТ, ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: РУХАНИЯТ, ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    08.08.2024
    Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарымен кездесті. Орталық мешітте өткен жиынға облыстық дін істері басқармасының басшысы мен мамандары, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері, аудан, қалалардың бас имамдары және БАҚ өкілдері қатысты.
    – Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда сіздердің орындарыңыз ерекше. Елімізде орныққан дінаралық татулық пен келісім – қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын ұлықтауы мен мемлекеттің дін саласындағы салиқалы саясатының жемісі.
    Тек мешіт соғамын деген кәсіпкерлер мен меценаттарға басқа да сауапты істердің бар екендігін айтқым келеді. Қоғамның, елдің игілігі үшін әлеуметтік нысандар салып, инфрақұрылымды ретке келтірген жөн.
    Қазіргі таңда өңір тұрғындары «Умра» сапарына көптеп баруда. Апарамыз деп алдап соғатындар, жалған құжат рәсімдеп көпшіліктің ашу-ызасын тудыратын туристік фирмалар да жоқ емес. Кейбірі тіпті саяхатқа айналдырып алғандығы да жасырын емес. Ең әуелі, сенімді туристік фирмалардың тізімін жасақтау және «умра» сапарына барушыларға жаднама әзірлеп тарату, қажыларымыздың тұлғалық келбетін қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылса дейміз. Өздеріңізбен бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін, – деген облыс әкімінің орынбасары алда тұрған міндеттерді қайта қарап, пысықтауды тапсырды.
    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы Ержан Төлепов та баяндама жасады. Басқосу барысында өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда деструктивті діни ағым жақтаушыларымен жұмыс жүргізу, жат ағымдардың таралуын алдын алу, діни иммунитет қалыптастыру, имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру жайы баяндалды. Жиын соңында туындаған сұрақтар бойынша қатысушылар пікір алмасты.
    Айта кетейік, республика бойынша жалпы 2769 мешіт тіркеуден өтсе, Түркістан өңірінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 736 мешіт-филиалы тіркелген. Бұл еліміздегі мешіттердің 4/1 құрайды. Сондай-ақ имамдар мен діни қызметкерлердің саны да ең көп тіркелген аймаққа жатады. Бүгінде 1112 діни қызметкер осы салада еңбек етіп жүр.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.