Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА МЕН ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА МЕН ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

12.08.2024
Өңірде жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар білім ошақтарында, сонымен қатар бірқатар денсаулық нысандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Шардара және Қазығұрт аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігерлермен тілдесіп, тиісті мамандарға міндеттер жүктеді.
Алдымен Шардара ауданының Көксу ауылында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясына барды. Мұнда 187 мұғалім 91 кіші қызметкер жұмыс істейді. Жобалық қуаты 750 оқушыға арналған мектепте 984 оқушы екі ауысымда білім алады. Оқу ғимараттары 1972-2006 салынған. Бүгінде жұмыстың жартысынан көбі аяқталған. Жүзге жуық жұмысшы бар. Ай соңында тапсырылады. Келісім-шарт бойынша нысан 2025 жылға өтпелі.
Шардара қаласындағы «Шардара» мектеп-лицейінде газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 171 мұғалім, 46 кіші қызметкер бар. Жобалық қуаты 1196. 1440 оқушы екі ауысымда білім алуда. Оқу ғимараттары 1979 жылы салынған. Жұмыстар бүгінде толығымен аяқталған. 19 тамызда тапсырылады деп күтілуде. Сонымен қатар «№1 Таңшолпан» және «Балауса» бөбекжай бақшасының газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда 7 жұмысшы құрылыс жүргізуде. Қыркүйек айында аяқталады. Ал екінші бөбекжай он күннен соң тапсырылмақ.
Жұмыс сапары әрі қарай Қазығұрт ауданында жалғасты. Қызылқия ауыл округіне қарасты Атажұрт елді мекенінде 150 орындық жаңа мектеп соғылып жатыр. 2020 жылы наурыз айында басталған құрылыс биыл шілде айында аяқталу жоспарланған. Нысанда 42 адам және 3 техника жұмыс істеп жатыр.Қазығұрт елді мекенінде орналасқан Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясының ғимараты 1973 жылы пайдалануға берілген. Қуаттылығы 960 орындық. Типтік ғимаратта 1500-ге жуық оқушы білім алуда. Биыл ішкі әжетханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жіңішке елді мекеніндегі 1992 жылы пайдалануға берілген Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қуаттылығы 180 орындық білім нысаны типтік ғимаратта орналасқан. 300-ден оқушы білім алуда. Мектеп ғимаратының сыртқы дуал қабырғасын металосаидникпен қаптау, сонымен қатар ішкі әжетханасын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Сарапхана ауыл округіне қарасты Талдыбұлақ елді мекенінде орналасқан білім нысаны 2017 жылы пайдалануға берілген. «Талдыбұлақ» негізгі орта мектеп ғимаратының қуаттылығы 100 орындық. Типтік ғимаратта орналасқан. 1-9 сыныпта аралығында 75, мектепке дейінгі даярлықта 7 оқушы білім алуда. Биыл ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттама әзірленіп, ғимараттың сыртқы дуал қабырғасын металосаидникпен қаптау және ішін-ара ішкі жұмыстары атқарылып жатыр.
М.Өтемісұлы елді мекеніндегі ФАП құрылысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде инвестор есебінен жүргізіліп жатыр. Сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталады деп күтілуде. Проблемалық мәселелер жоқ. Ішкі жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік нысандарды тиісті тұлғалармен аралаған облыс әкімінің орынбасары жаңа оқу жылының дайындық барысын тағы бір пысықтап, оқушылардың алаңсыз, толыққанды білім алуы үшін құрылыс жұмыстарының қауіпсіз, сапалы жүргізілуін, қажетті шаралардың қабылдануын тапсырды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.