Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

    15.08.2024
    Киелі Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Арыс қаласының мәдени күндері түңлігін түрді. Екі күнге созылатын бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы.
    Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Мұнда келушілер Арыс қаласының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдаудың арқасында грант алып, кәсібін ашқан азаматтар өз туындыларын ұсынды. Ашық аспан астындағы көрмеге Арыс қалалық музейі де қаланың терең тарихынан паш ететін жәдігерлерді ұсынды. Ал суретшілер мен мүсіншілердің туындылары келушілерді ерекше тәнті етті.
    Әрі қарай Этноауыл аумағында арыстық өнерпаздар мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен бай салт-дәстүрімізді насихаттайтын керемет шаралар көрініс тапты. Мұнда ақ жаулықты әжелер тулақ тарту, текемет басу, «төркіндету», «қалау» секілді ғұрыптарды насихаттап, Түркістан жұрты мен келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады.
    Арыстың дархан халқы түркістандықтар мен қала қонақтарына ұлттық тағамнан дәм ұсынып, нағыз қазақы қонақжайлық көрсетті. Ал мерекелік кештің көрігін қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мен ардагерлер ансамблі қыздыра түсті. Қазіргі таңда белең алып келе жатқан көше театры да көптің қызығушылығын тудырды.
    Мың бұралған арыстық бишілер мен күміс көмей әншілер ән-биден шашу шашып, өнерпаздар сахналық қойылымдар қойды. Осылайша, Арыс қаласының Түркістан қаласындағы мәдени күндері ашық деп жарияланды.
    Арыс қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі 300-ге жуық өнерпаздың басын қосып, түркістандықтар мен қала қонақтарына өз өнерлерін паш етіп жатЫр.
    Айта кетейік, мерекелік концерттік бағдарламалар легі 15 тамызға дейін жалғасатын болады. Оның аясында түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді деп жоспарланған. Атап айтсақ, сағат 11:00-13:00 аралығында Этноауылда ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылса, ал сағат 19:00-де «Керуен сарай» кешенінде арыстық өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТАЗА АУЫЗСУ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

    29.10.2026

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТАЗА АУЫЗСУ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

    29.10.2026

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.