Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Денсаулық»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 30 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Денсаулық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 30 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

15.08.2024
Түркістан облысында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік және 6 медициналық пункт қамтылған. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында басталған денсаулық нысандарының бүгінгі жай-күні талқыланды. Өңір басшысы жауаптыларға құрылыс барысын қатаң қадағалауды тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.
– Денсаулық нысандарында жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарын аралап көруді тапсырамын. Туындаған мәселелерді дер кезінде шешіп, құжат жағын ертерек аяқтаңыздар. Өздеріңіз білесіздер, облысымыз тұрғын саны көп өңірлер қатарында. Сондықтан халықтың денсаулығын жақсарту барысында оларға сапалы медициналық қызметтер көрсететін заманауи денсаулық мекемелері аса қажет, – деді облыс әкімі.
Қазіргі таңда 30 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 18 жобаның мердігер мекемелері анықталып, құрылыс жұмыстарын 19 тамызда басталады деп жоспарлануда. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев баяндады. Республикалық бюджеттен 45 нысанға қаржы қаралған. 1 жобаны жеке меншік медициналық ұйым өз қаражаты есебінен құрылысын жүргізіп жатыр.
Жалпы 42 нысанды инженерлік желілермен қамтуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. Оның 20-сында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2 нысан бойынша конкурс өткізілілсе, қалған 20 нысан құрылысын бастауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Биыл 7 денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланған. Қазіргі таңда Жетісай, Созақ және Сайрам ауданындағы Үш нысанның ЖСҚ-лары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Біреуі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, мемлекеттік сатып алу порталына конкурсы жарияланды.Ал Кентау қаласы мен Келес, Бәйдібек аудандарында құжат жағы реттелуде.
Түркістан облысының денсаулық сақтау құрылымында 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым және 130 жеке меншік мекеме бар. Оның ішінде 36-сы емхана. Облыс бойынша 351 акушер-гинеколог, 252 анестезиолог-реаниматолог, 95 неонатолог, 253 педиатр, 6 балалар кардиохирургы көмек көрсетуде.
Былтыр 43, биыл 34 дәрігер Түркия, Ресей елдерінде біліктілігін арттырды. Кадрлар даярлау бойынша облыс әкімінің қолдауымен өткен жылы бейінді мамандар даярлау үшін резидентураға 60 грант бөлініп, қазіргі таңда 37 үміткер медицина саласы бойынша білімін жетілдіруде. Орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 650 грант бөлінген болатын. Биыл резидентураға грант 139 грант, орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 600 грант бөлініп, қазіргі таңда қабылдау комиссиялары жұмыс жасауда.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.