Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚЫТУ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
Жаңалықтар

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚЫТУ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

12.03.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл – ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін кәсіби мамандарға көрсетілген ерекше құрмет. Жұмысшы мамандықтары – өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы маңызды буын.
Жұмысшы мамандықтарының бірі — тігінші мамандығы сұранысқа ие әрі маңызды кәсіптердің бірі. Қазіргі таңда тігін өндірісі тек дәстүрлі қолөнер ғана емес, сонымен қатар заманауи технологиялармен ұштасқан инновациялық салаға айналып отыр.
Өткен жылы шаһарда Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 670 тұрғын 43 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Қысқа мерзімді кәсіптік білім арқылы тігінші мамандығын үйреніп, бүгінде жұмыспен қамтылып отырған қала тұрғыны Мавжуда Анарметова.
–Жұмыс іздеп аудандық мансап орталығына жүгінгенімде мамандар қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысып, жаңа мамандықты үйренуге болатынын айтты. Тігінші мамандығы жаныма жақын болғандықтан бірден оқуға келістім. Мамандар мені жұмыс берушілердің жұмыс орына оқу үшін жолдама берді. Осында екі ай теорияны үйреніп, бір ай трактикадан өттік. Оқу аяқталған соң осы жерде тігінші болып тұрақты жұмысқа орналастым, — дейді М.Анарметова.
Жұмысшы мамандықтары – кез келген мемлекеттің өндірістік әлеуетінің негізі. 2024 жылы білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқуға жолданғандардың 393-ы оқуын толық аяқтап, сертификат алып, 297-сі тұрақты жұмысқа орналасқан.
Білім беру ұйымдары арқылы кәсіптік білім алған тұрғындар визажист, графикалық жұмыстарды орындаушы, кондитер, косметолог-эстетик, маникюр шебері, даяшы, шаштараз, аспаз, жиһаз жинақтаушы, сантехник, тігінші секілді 26 мамандықты меңгерді.
Ал жұмыс берушілердің жұмыс орнында білім алғандар бухгалтер-кассир, киім мен аксессуарларды безендіруші, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері, былғары мен теріні химиялық өңдеу операторы, қолмен тоқу шебері, наубайшы, аспаз секілді 17 мамандықты үйреніп, жұмыспен қамтылды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.