Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТ – АЛЫП ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ: ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ – АЛЫП ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ: ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

12.03.2025

Шымкент қаласы соңғы жылдары елдегі қарқынды дамып келе жатқан құрылыс алаңдарының біріне айналды. Бұл – экономиканың өсуіне, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндік береді. Осыған орай бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізді. Брифинг барысында Сәрсен Абайұлы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен Құрылыс басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер жайлы баяндады. Атап айтсақ:

Шымкентте 2024 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 14%-ға артқан, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 26%-ға ұлғайса, қала экономикасына тартылған инвестицияның 12%-ын құрылыс саласы құрап отыр.

Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл 97 нысанның құрылысы бастау алып, жалпы ауданы 283,5 мың шаршы метрді құрайтын 3 592 пәтерлі 57 көпқабатты үй салынуда. Сонымен ішінде, биыл 190,7 мың шаршы метрлік 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 2 412 пәтерді құрайды.
Мемлекет басшысының Жолдауында халықты сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету басымдыққа ие екені айтылды. Осыған байланысты жастар мен әлеуметтік тұрғыда осал топтарға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен 2024 жылы Шымкент қаласында бюджет қаражаты есебінен 1 514 дайын пәтер сатып алынды. Оның 454-і жұмыс істейтін жастарға, ал, 1060 пәтер әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға тапсырылды.
Биыл дәл осы тәсілмен нарықтан 1 279 пәтер сатып алынады. Оның ішінде 900 пәтер жұмыс істейтін жастарға, ал, әлеуметтік тұрғыда осал топтағы отбасыларға беріледі.
Қазіргі таңда қала әкімдігі құрылыс сапасын бақылауды күшейтіп отыр. Шымкентте кепілдік мерзімі бар 197 көпқабатты тұрғын үй бар. 2024 жылы 10 382 пәтер тексеріліп, 656 ақау анықталды. Анықталған барлық кемшіліктер мердігер компаниялардың есебінен қалпына келтірілді. 2024 жылдан бастап кепілдеме мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылды.
Сонымен қатар, 2025 жылы қала аумағындағы 22 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда(Әл-Фараби ауданы-15, Тұран ауданы-6, Еңбекші ауданында-1 тұрғын үй)және14 көпқабатты тұрғын үйдің жедел сатыларын (лифт) (Әл-Фараби ауданы-1, Тұран ауданы-1, Қаратау ауданында-12) ауыстыру жоспарланған.
Қазіргі таңда құрылыс Тұран-2, Шымкент сити, Нұрсәт, Бозарық, Ақжайық шағын аудандарында белсенді жүріп жатыр. Алдағы уақыттада Шымкент қаласы инвестициялар үшін тартымды аймақ бола отырып, құрылыс саласындағы белсенділікті одан әрі арттыруды көздейді.-деді Сәрсен Абайұлы.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.