Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНДА СОТТЫ БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАЙТА ҚЫЛМЫС ЖАСАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ФОРУМ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СОТТЫ БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАЙТА ҚЫЛМЫС ЖАСАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ФОРУМ ӨТТІ

14.03.2025
Түркістанда Түркістан облысының полиция департаменті мен облыс прокуратурасының бастамасымен сотты болғандардың қайта қылмысқа баруына тосқауыл қою мақсатында 1000 адамның қатысуымен ауқымды республикалық форум өткізілді.
«Болашаққа үміт – жаңа өмір» тақырыбындағы іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмұрзаев, облыстық соттың төрағасы Айдос Сұлтанов, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл, облыстың бас имамы Ержан Төлепов, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ пробация есебінде тұрғандар мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Өңірде пробациялық есепте тұратындарды қоғамға бейімдеу, оларға әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл форум – осы жұмыстың жалғасы. Қылмыс пен құқық бұзушылықсыз қоғамда өмір сүру насихатталған форумға жиналғандар өзара пікір алмасты. Өздерінің өмірлік тәжірибелерін бөлісіп, қылмыстың алдын алуға бағытталған ойларын айтты.
Форум өмірде аяғын шалыс басып, қателіктерінен сабақ алып, жаңа өмір бастауға қадам басқан адамдар жайлы театрландырылған қойылыммен басталды. Сондай-ақ көрермендерге сотты болып, жазасын өтеп шыққандарды дұрыс өмірге баулу мақсатында полициямен атқарылған жұмыстар туралы баяндалды.
Іс-шарада облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев және басқа да құрметті қонақтар сөз сөйлеп, теріс әрекет салдарынан өз жазасын алған жандардың болашаққа мүмкіндік алып, жаңа өмір бастауға жауапкершілігін арттыру маңыздылығын атап өтті.
– Пробация қызметінің есебінде тұрғандар арасында қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – сотталғандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету. Әрқашанда түзеліп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік бар. Тек адал ниет пен қоғам қолдауы қажет. Қай салада болмасын, мәселенің салдарымен күрескеннен гөрі оның алдын алу маңызды. Сондықтан жастар арасында қоғамды ізгілікке шақыратын идеологиялық жұмыстар жүруі тиіс. Жуырда Президент бастамасымен Түркістанға ерекше мәртебе берілгенін білесіздер. Қасиетті өңірдің тұрғындары өзгелерге игі істерімен үлгі болулары керек. Жерлестерімізді заңды сақтап, адал еңбек етуге шақырамын. Бүгінгі жиында өзекті мәселелер қозғалып, шешу жолдары ұсынылады деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров.
Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов: «Сотты болып, қылмысты атқару жүйесінің мекемесінен шыққан тұлға бірінші кезекте пробациялық есепке алынады. Осы тұста пробация қызметі, полиция, әлеуметтік қызметтер мен үкіметтік емес ұйымдарды белсенді түрде өзара тығыз жұмыс жасауға шақырамын. Яғни қылмыс жасаған адамды қоғамнан тыс қалдырмай, арнайы реабилитациялық бағдарламалар, психологиялық көмек көрсету, кәсіби дағдыларды үйретуіміз қажет», деп атап өтті. Сонымен қатар түрлі құрылым өкілдерін қауіпсіз мемлекет пен үлгілі отбасын қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Форум бос жұмыс орындарының жәрмеңкесімен жалғасты. Онда проабция есебінде тұрған тұрғындарға бос жұмыс орындары ұсынылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.