Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Астанада жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі өтті
Жаңалықтар

Астанада жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі өтті

16.03.2025
Наурыз мейрамы қарсаңында Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз күні елімізде Отбасы күні тойланады. Осы датаға орай Астанада жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елімізде ұзақ жылдар бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларға ерекше құрмет көрсетіліп келеді: отбасылық өмірдің 50 жылдығы «Алтын шаңырақ», 25 жылдығы «Күміс кереге» деп аталады.
«Астана жастары» өз кезегінде елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, салтанатты шара ұйымдастырып, жас жұбайлар неке қию рәсіміне қатысты.
Олардың қатарында екі ай бұрын шаңырақ көтерген Елдар Ерсенұлы мен Альбина Наурызбай да болды.
«Мұндай ерекше шақыруға алғаш рет қатысып отырмыз. Ұйымдастырушыларға ұмытылмастай етіп жасағаны үшін алғыс айтқым келеді. Күміс пен алтын тойын тойлаған жұптарды көргенімізге қуанып отырмын. Отбасылық жолымыз ұзақ болсын!» — деді Альбина Наурызбай.
Жиналғандарға Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев құттықтау сөз сөйлеп, тілегін білдірді.
«Қазақстанда отбасылық бақыт ең алдымен ата-бабамыздан келе жатқа құндылықтар мен дәстүрлерге негізделген. Осындай ерекше күні – Отбасы күнінде біз дәстүрлі құндылықтарымызды атап өтеміз», — деді ол.
Неке қию рәсімінен кейін жаңадан шаңырақ көтерген 4 отбасы мен ондаған жылдар бірге өмір сүрген 2 жұп ойларын ортаға салып, берік некенің сырлары мен дәстүрлі отбасы құндылықтарының маңыздылығы туралы айтты.
Кентай мен Күләш Ахметовтердің шаңырақ көтергеніне 51 жыл болды. Олар некесін қиған жас жұбайларға ақ батасын берді.
«Бүгін – Шаңырақ күні. Жастарға айтарым: отбасылық өмірде өзара түсіністік маңызды, әйел адам отағасына құрметпен қарауы керек. Жаңа отбасыға келген жас келін сол үйдің тәртібін сақтап, құрметтеп, үлкенді, ата-енені сыйлауы керек. Оларды сыйлап, құрметтесеңіз, балаларыңыз да сізге қарап бой түзейді. Әрбір әйел отбасының ұйытқысы екенін білуі керек. Мықты некенің сыры осында», — деді Күләш Ахметова.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.