Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
Басты ақпарат

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

ais_mediaBy ais_media21.03.2025Updated:22.03.2025Комментариев нет2 Mins Read
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды.
Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мемлекет басшысы бұл мейрамның былтырдан бастап жаңа тұжырымдамаға сәйкес он күн бойы аталып өтетініне назар аударып, Наурызнаманың әр күні тағылымға толы екенін айтты. Сонымен қатар мерекенің тазалық, еңбекқорлық құндылықтарын дәріптейтін тәрбиелік мәніне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл әлемнің алмағайып жағдайда өмір сүріп жатқан шағында қоғамның тұрақтылығын нығайту саясатымыздың басты бағыты болып қала беретінін жеткізді.
«Биыл Конституциямызға және Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толады. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Көп ұзамай қастерлі Тәуелсіздігіміздің 40 жылдық мерейлі белесіне жетеміз. Қазақстан осы уақытта озық, өркениетті, қуатты мемлекет болуы керек. Мен Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы жиынында осы мәселеге арнайы тоқталдым. Біз елімізді жаңа жаһандық жағдайға бейімдеуіміз қажет. Мемлекетіміздің бағдары да, басымдығы да – айқын. Цифрландыру ісі мен жасанды интеллект, ірі инфрақұрылымдық жобалар, көлік тасымалы және энергетика, агроөнеркәсіп кешені, сондай-ақ адам капиталы – осының бәрі еліміздің негізгі даму бағыттары. Қазақстан осы салалар бойынша әлемдік бәсекеге қабілетті ел болмақ. Бұған біздің мүмкіндігіміз толық жетеді. Біз «Заң мен тәртіп» қағидасы берік орныққан, әділетті, қауіпсіз, таза, мәдениетті және дамыған Қазақстанды міндетті түрде бірге құрамыз! Қазақстаннан басқа еліміз жоқ. Сондықтан бәріміз бір қоғам болып мемлекетімізді нығайтайық, дамытайық, көркейтейік!» ©️Президент.
Мемлекет басшысы жұртшылықпен бірге мерекелік концертті тамашалады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
ais_media

Related Posts

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

14.08.2026

ТАЗАЛЫҚ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

14.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026
Leave A Reply Cancel Reply

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

14.08.2026

ТАЗАЛЫҚ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

14.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЗЕРТТЕУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІС БАЙЛАНЫСЫН НЫҒАЙТУҒА ЖАҢА СЕРПІН

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҒЫЛЫМДЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ТАНЫМАЛ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КООПЕРАЦИЯНЫ КҮШЕЙТУДІҢ МАҢЫЗЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТАНЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

13.08.2026

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.