Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Ұлттығымызды ұлықтаған күн
    Жаңалықтар

    Ұлттығымызды ұлықтаған күн

    21.03.2025
    Күндіз басталған Шымкент қаласындағы Наурыз мерекесі отшашумен аяқталды. Домбыраның күмбірлеген үні, жаңа піскен бауырсақтың аңқыған иісі, балалардың шат күлкісі мен мейрамның атмосферасын сезінген жандардың күлімсіреген жүздері қаланы ерекше сезімге бөлегендей болды. Биылғы мерекелік шаралар мегаполистің барлық аудандарын қамтып, көшелерді, саябақтар мен алаңдарды алып фестиваль қалашығына айналдырды десек артық болмас.
    Шаһардың әрбір бұрышында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Әл-Фараби мен Наурыз алаңдарында, Қажымұқан стадионында және 14 тұрғын алабында кең көлемде аталып өткен іс шара өзіне тән ерекше бояуымен ерекшеленді. Бір жерде театрландырылған қойылымдар көрсетілсе, екінші жерде ұлттық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылған. Алтыбақан тепкен бойжеткен мен бозбаланың күлкісі, балалардың қуанышы, ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдардың да басын қосты. Бұл жерде қазақ асханасының хош иісі мұрын жарады. Киіз үйлердегі дастарқандарда қазақтың ұлттық тағамдары молынан жайылған.
    Басты шара «Астана» алаңында басталды. Мұнда тоғыз киіз үйден тұратын этноауыл бой көтерді. Қонақтарды құшақ жая қарсы алған бүркітшілер, батырлар мен қолөнер шеберлері қазақтың бай мәдениетін тірілткендей әсер қалдырды. Бұдан бөлек, ұлы тұлғаларға – ақындарға, жазушыларға, соғыс қаһармандарына және ұлттық композиторларға арналған көрмелер ұйымдастырылды. Алаңның бір шетінде ұлттық спорт ойындары, цирктік шоу, балаларға арналған шеберлік сабақтары мен креативті индустрия көрмелері өтіп жатса, көк аспанға алып әуе шарлары көтеріліп, мерекенің сиқырлы атмосферасын арттыра түсті. 300 әртістің қатысуымен өткен театрландырылған қойылым көрермендерді тәнті етті. Бұдан кейін сахна төріне Шымкенттің үздік дизайнерлерінің ұлттық киімдер көрсетілімін паш етті.
    Кешке қала әкімінің қатысуымен Гала-концерт өтті. Мұнда да сахна төрінде қазақтың ұлттық ән жыры, ұлттық биі ұлықталып, көрермендердің патриоттық рухын оятты. Концертте қазақ эстрадасының талантты өнер саңлақтары қатысты. Олардың арасында белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота-Нұр, Бауыржан Исаев, Әбдіжаппар Әлқожа, Дастан Оразбеков, Альзаби, Зируза ғана емес, әлемге әйгілі Джонатан Дассин де бар. Шаһарды шаттыққа бөлеген кештен кейін қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалап, ерекше көңіл-күймен тарқасты.
    «Шымкент келбеті»
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.