Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Спорт»ШЫМКЕНТТЕ ТРИАТЛОННАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ
    Спорт

    ШЫМКЕНТТЕ ТРИАТЛОННАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

    29.03.2025
    Шымкентте триатлоннан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Бұл жарыста ELITE, U23, U19, U17 санаттары бойынша спринт, ал U15 және U13 санаттары бойынша супер-спринт қашықтықтарында спортшылар бақ сынайтын болады.
    Ашылу салтанатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов жарыстың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде триатлонның спортшыларға төзімділік пен жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
    — Бұл чемпионат – еліміздің ең мықты спортшыларын анықтап қана қоймай, олардың халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындығын пысықтайтын үлкен мүмкіндік. Әрбір қатысушы өз өңірінің намысын қорғап, бар күшін салатынына сенімдімін. Баршаңызға сәттілік!, – деді ол.
    Жарыстың бас төрешісі Юрий Гренев спортшыларды чемпионат ережелерімен таныстырып, триатлон жарысының әділ әрі қауіпсіз өтуіне ерекше назар аударылатынын айтты.
    — Біз бұл жарысты халықаралық талаптарға сай ұйымдастырып отырмыз. Әрбір спортшы ережеге сай жарысуы керек. Қауіпсіздік – басты талаптардың бірі. Веложарыс кезінде арақашықтықты сақтау, жүзу кезінде белгіленген бағыттан шықпау және жүгіруде рұқсат етілмеген әдістерді қолданбау – әрбір қатысушының міндеті, – деді бас төреші.
    Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген 9 команда, жалпы 148 спортшы қатысуда. Астана, Алматы, Ақмола облысы, Ақтөбе қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Түркістан облысы және Шымкент қаласының келген спротшылар жарыс жолында бақ сынады. Жарыс қашықтықтары ресми бекітілген талаптарға сай жоспарланған. Супер-спринт қашықтығында спортшылар 300 метр жүзу, 8 шақырым веложарыс және 2 шақырым. Ал спринт қашықтығында 750 метр жүзу, 20 шақырым веложарыс және 5 шақырым жүгіру сайыстары болмақ.
    Чемпионат 29-31 наурыз аралығында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыс жас спортшыларға үлкен тәжірибе жинауға, ал кәсіби атлеттерге өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді.
    «Шымкент келбеті»
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    06.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.