Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ROBOPARK ЛИГА X ЖАРЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ
Жаңалықтар

ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ROBOPARK ЛИГА X ЖАРЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

30.03.2025
Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жас өнертапқыштар робототехника саласындағы ең ірі жарыстардың бірінде бас қосты. Robopark ЛИГА X додасына Актөбе, Алматы, Сарыағаш, Кентау, Тараз, Астана, Қызылорда, Өскемен қалаларынан келген 110 команда қатысып, өзара мықтыны анықтауда.
Жарыс үш категория бойынша өтті. Robo Kids (6-10 жас) санатында 30 команда алғашқы роботтарын құрастырып, техникалық білімдерін көрсетсе, Robo Junior (10-16 жас) санатындағы 20 команда шығармашылық ойлау мен инженерлік шеберлікті ұштастырып, өз жобаларын таныстырды. Ал Биатлон (10-16 жас) санатындағы 10 команда спорттық жылдамдық пен логикалық ойлауды қажет ететін ерекше сайыста бақ сынады.
Байқаудың әділ әрі жоғары деңгейде өтуін халықаралық сарапшылар мен тәжірибелі төрешілер қадағалайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты мақсаты – жастардың ғылым мен технологияға қызығушылығын арттырып, оларды инновацияға бейім маман ретінде тәрбиелеу.
— Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған дарынды жастарды бір сахнада тоғыстырып, олардың өз білімдері мен дағдыларын көрсетуіне мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз. Бұл жарыс – тек бәсеке ғана емес, инновация мен ынтымақтастықтың мерекесі, – дейді Robopark мектебінің директоры Абзал Әлібеков.
Robopark ЛИГА X – Қазақстандағы жас инженерлер мен өнертапқыштардың дамуына серпін беретін маңызды алаң. Бұл жарыста жеңімпаз атану – үлкен жетістік, ал қатысу – болашаққа жасалған алғашқы қадам.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.