Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ДӘМДӘСTOUR ӨТТІ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ДӘМДӘСTOUR ӨТТІ

31.03.2025
Шымкент – қонақжайлығымен, дәмі тіл үйірер тағамдарымен келген жанды баурап алады. Мұндағы асхананың саналуандығы – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің, түрлі мәдениеттердің тоғысуының айқын көрінісі. Қазақтың дархан көңілі мен астың берекесі ұштасқан бұл қалада әр тағамның өзіндік тарихы, әр дәмнің өзіндік сыры бар. Бүгін әл-Фараби алаңында өткен мерекелік шарада осы бір бай мұра тағы бір мәрте айшықталды. Бармағынан бал тамған аспаздар өз өнерлерін ортаға салып, дәмді асты көпшілікке ұсынды. Бұл іс шара көпшіліктің көңілінен шыққан асыға күтетін, нағыз той-думан.
2022 және 2023 жылдары үлкен табысқа жеткен «ДәмДәсTour» фестивалі биыл да өз жалғасын тауып, қалада гастрономиялық мереке ретінде өтті. Бүгін фестивальға 50-ден астам тамақтандыру орны қатысып, өздерінің дәмді әрі ерекше тағамдарын ұсынды. Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, аспаздардың тағамдарымен, қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты.
Бұл фестивальдің басты жаңалығы салмағы 24 келі шығатын тандыр самсаның дайындалуы. Бұл еліміздегі алғаш рет жасалған ең үлкен самса. Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Сәбитұлы айтты.
— Бүгін бұрын-соңды болмаған рекорд орнатылып жатыр. Алып самсаны пісірген Шымкент — гастрономияның астанасы екенін тағы бір дәлелдеп отыр,-дейді ол.
Ал, алып самсаны әзірлеген «Камал ата» асүйінің бас аспазы Немат Нархожаев. Бұл тағамды әзірлеу үшін 2 апта дайындалғанын және оңай болмағанын айтады.
— Құрамы және пісіру тәртібін еш өзгерткеніміз жоқ. Тек көлемін ұлғайттық. Қиын болғанын жасырмаймын. Алғашында үй жағдайында 17 келі самса әзірледік. Өте сәтті шықты. Ал көпшілікке ұсынған тандыр самса 24 келі шықты,-дейді бас аспаз.
Фестивальде тек тағам ғана емес, сонымен қатар ерекше мотоспорттық шаралар да өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа қалалардан мотобайкерлер Шымкентке арнайы келіп, өздерінің ерекше мотошеруін және мотошоуын ұйымдастырды. Бұл шараға 100-ден астам мотобайкер қатысып, қала көшелерімен өздерінің мотоциклдерімен сәнді шеру жасады.
Жиын барысында қала тұрғындары мен қонақтары, эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Ал жиын соңында болған кәсіби отшашу мен алау көрінісі қала тұрғындарына әсерлі сәттер сыйлады.
Г.Бажақай,
«Шымкент келбеті»
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.