Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»МАҚСАТТАР БІРЛІГІ — РУХ БІРЛІГІ
Жаңалықтар

МАҚСАТТАР БІРЛІГІ — РУХ БІРЛІГІ

31.03.2025
Бүгін Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжінде «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған бұл шараның басты мақсаты – этносаралық келісімді нығайту, бірлік пен ынтымақты дәріптеу, сондай-ақ жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру.
Жиынға бірлестік мүшелері, қоғам белсенділері, жас көшбасшылар, және колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторлығын Шымкент қаласы Политехникалық колледжі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Жангул Садыкова мен «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гауһар Төлепова атқарды.
Жиында Ж.А. Ташенов атындағы университеті «Педагогика және өнер» факультеті «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы Асем Кашкинбаева, ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобы жетекшісінің орынбасары Саипжамал Қорғанова, ҚХА жанындағы «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің жастар қанаты төрайымы Индира Бекмұратова, Шымкент қаласы Политехникалық колледжі «Қазақ тілі мен әдебиет» пәндік бірлестігінің төрайымы Ақтолқын Абдукадырова,«Дала қырандары» қоғамдық жастар білестігінің мүшелері Арман Утибаев, Наиль Димухамедов, Асылбек Қамбаров, Тимур Тамилов сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы, маңыздылығы, алдағы жоспары мен құрылымдары жайлы, этносаралық келісімнің маңыздылығы, жастардың қоғамдағы рөлін арттыру туралы сөз қозғалды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған ұсыныстарымен бөлісіп, алдағы жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ, шара барысында кездесуге қатысқан, сөз сөйлеген бірқатар азаматтар алғыс хаттармен марапатталды. Жиын жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа бастамаларға серпін берді.
Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.