Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Спорт»ТҮРКІСТАНДА ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН «ATF 14&Under TURKESTAN G2» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
    Спорт

    ТҮРКІСТАНДА ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН «ATF 14&Under TURKESTAN G2» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

    31.03.2025
    Рухани шаһарда орналасқан «Теннис орталығында» үлкен теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «ATF 14&Under Turkestan G2» халықаралық турнирінің жалауы көтерілді.
    Түркістан қаласында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы «ATF 14&Under Turkestan» халықаралық турниріне Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан құрамаларымен қатар еліміздің барлық аймақтарынан іріктелген 64 спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтауда. Нақтырақ айтсақ 32 ұл мен 32 қыз жарыс жолына шығып, өз бақтарын сынап көреді.
    Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсіміне облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова, «Конгресс-холл» көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан, «Түркістан теннис клубының» басшысы Алмас Таушаев қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
    Айта кетейік, Азия теннис федерациясының қалдауымен өтіп жатқан жарыста үздік деп танылған спортшылардың рейтингтері көтерілетін болады. Сондай-ақ турнирдің басты мақсаты – спортшылар арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттыру. Бұл жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Түркістан теннис клубы» мұрындық болуда.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    06.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.