Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
    Басты ақпарат

    Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

    10.04.2025
    Асхат Жұмағали Президентке Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмысы туралы баяндады.
    2025 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы:
    — сыбайлас жемқорлыққа қатысты 521 қылмыс тіркелген;
    — 257 лауазымды тұлға әшкереленді, олардың 141-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар;
    — сотқа 366 қылмыстық іс жіберілді;
    — мемлекет пайдасына 15 млрд теңге өтелген;
    — 2022 жылдан бастап жалпы сомасы 1,13 трлн теңге болатын активтер қайтарылған;
    — мемлекеттік сатып алу мен қаржының мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу барысында 21,2 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
    «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тұжырымдамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 3 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, оған 450 мыңнан астам азамат қатысқан;
    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылып жатыр;
    Агенттік еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының Академиялық адалдық лигасымен жұмысты қолға алды.
    Халықаралық ынтымақтастық
    ЭЫДҰ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобымен тығыз ықпалдастық бар. Агенттік Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қауымдастығымен берік байланыс орнатқан және биылғы ақпан айында аталған ұйымның Атқару комитеті құрамына кірді.
    Сыбайлас жемқорлық индексі
    — былтыр Transparency international сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан 40 балға ие болып, 180 елдің арасында 88-орынға тұрақтады.
    Президент:
    — еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды одан әрі жалғастыру, тамыр жайған қылмыстық тізбектің жолын кесу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.