Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»АСТАНАДА ТКМ САЛАСЫНДАҒЫ КОРПОРАТИВТІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
Жаңалықтар

АСТАНАДА ТКМ САЛАСЫНДАҒЫ КОРПОРАТИВТІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

20.05.2025

Астанада елдегі тау-кен металлургия (ТКМ) саласындағы корпоративтік университеттердің кеңейтілген форматтағы халықаралық кездесуі өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы – Eurasian Resources Group (ERG). Форум Азия аумағындағы EFMD-ге мүше корпоративтік университеттер мен білім беру құрылымдары, қызметкерлерді оқыту саласында еңбек ететін білім беру мекемелері мен қауымдастықтар арасында Қазақстандағы алғашқы тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Шараның мақсаты – озық тәжірибелер, үздік практикалар мен инновациялық ұстанымдар алмасу мүмкіндіктерін кеңейту. Форумға қатысушылар көшбасшылық, кәсіби білім беру мен қызметкерлерді оқыту мәселерін кеңінен талқылап, халықаралық қауымдастық мойындаған озық кейстермен танысты.
Негізгі спикерлердің бірі – CLIP корпоративтік университеті аккредитациядан өту бағдарламаларының жетекшісі, EFMD корпоративтік сервистерінің директоры, доктор Мартин Мерле. EFMD – әлемнің 88 елінде 890 мүшесі бар Еуропалық менеджментті дамыту қоры. Ол менеджмент пен қызметкерлерді оқыту салаларындағы жетекші бизнес-мектептер, университеттер мен корпорацияларды біріктірген. Оқыту мен менеджмент саласындағы озық тәжірибелер алмасуға арналған жаһандық тұғырнама деуге болады. Ол бизнестің бәсекеге қабілеттілігін артыру үшін корпоративтік оқытуға халықаралық стандарттарды енгізудің маңызына ерекше тоқталды:
– Біз EFMD тәжірибесінде әріптестер қауымдастығы корпоративтік оқыту стандарттарын дамыта отырып, компаниялардың ісін жетілдіру жолына барынша қарқын бере алатынына талай мәрте көз жеткіздік. ERG-дің бастамасы Қазақстандағы, тіпті Орта Азиядағы корпоративтік оқыту саласына тың серпін бере алады деген сенімдеміз,- деді Мартин Мерле.
Форумда ERG-дің корпоративтік университеті халықаралық сертификациялау бағдарламаларда жүлделі орындарға ие болған өзінің білім беру бағдарламаларын таныстырды. Өткен жылы ERG-дің корпоративтік университеті халықаралық EFMD Excellence in Practice Awards 2024 байқауының «Кәсіби білім беру» аталымында «үздік» деп танылған. Ал, биыл ERG-дің Корпоративтік университеті Қазақстан мен ТМД-да алғашқы болып EFMD LIFT Learning Impact стандарты бойынша сертификатталды.
Бұл жүлде – білім беру өнімдерін даярлау мен оны басқарудағы жұмыстың сапасы жоғары, әдістемелері мен әзірлемелері толыққанды әрі халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін растады. Сертификаттау барысында ERG CU төмендегі 3 тартымды жобасын таныстырған болатын:
• карьерлердегі ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерін даярлауда тренажер-симуляторларды пайдалану;
• дәнекерлеуші мамандарды даярлауда сандық, толықтырылған шындық (AR) технологияларын кеңінен пайдалану;
• Strategic Leadership Program (SLP) көшбасшылықты дамыту бағдарламасы.
ТКМ саласындағы корпоративтік университеттер форумы Қазақстан мен Азияда осы корпоративтік білім беру бағытында жұмыс істеп жүрген құрылымдар арасындағы өзара серіктестікті нығайтуды көздейді.
– Тиімді корпоративтік білім беру жүйесін дамыту барысында әрдайым әріптестеріңізбен араласып, пікір алмасып отыру маңызды. ERG-дің корпоративтік университеті өзге де корпоративтік оқыту орталықтарының тәжірибесін сыни тұрғыдан зерделей отырып, өзінің озық әдістемелерін ашық паш етіп бірнеше жылда халықаралық деңгейге өсті. Бұл толайым табысқа ERG-дің Қазақстанда корпоративтік оқыту орталықтарының қауымдастығын құру қамындағы новаторлық бастамасының арқасында жетті. Өз кезегінде бұл кәсіби дамуды үздіксіз жетілдіріп отыруға септесетін тұғырнамаға айнала алады, — деді форум сарапшыларының бірі, ERG корпоративтік университеті ғылыми кеңесінің тәуелсіз мүшесі, профессор Валерий Катькало.
– Корпоративтік оқыту жүйелерінің қуаты – бизнестің сенімді серіктесі бола алуында. Ол үшін қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне уақытылы үн қатып, тиімділікті арттырып отыру маңызды,- деді ERG корпоративтік университетінің директоры Валентина Сатарова. – Біз ERG-де корпоративтік білім берудің халықаралық стандарттарын ұстанып, компанияны дамыту стратегиясын ілгерілету, адамдарымызға инвестиция құю бағыттарында бизнеспен бірлесе, жұмыла жұмыс істеп жатырмыз. Біздің жолымыз – даму жолы!
Халықаралық форумға ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов та қатысып, шараның маңызын ерекше атап айтты:
– ERG-дің корпоративтік университтеті – біздің Топты дамытудың стратегиялық құралы. Біз тек адамдарды дамыту арқылы компания алға ілгерілей түсеріне сенімді болғандықтан, адамдарымыздың дамуына тұрақты инвестиция құйып келеміз. Соңғы 2 жылда корпоративтік университет біздің 54 мыңнан астам қызметкерімізді оқытып, симуляторлар мен VR-дан бастап, озық технологиялар мен халықаралық тұғырнамаларды енгізіп, жаһандық деңгейде мойындалды. EFMD Excellence in Practice Awards 2024 байқауындағы жеңіс пен EFMD LIFT 2025 сертификатына ие болуымыз білім беру сапасы, бизнеске қажетті шешімдерді табу мен оның пайдасы – біздің өз саламыз бойынша үздік болуға деген талпынысымыз бен қолға алған жүйелі жұмыстың жемісі.
ERG Қазақстандағы корпоративтік университеттер арасында алғашқы болып тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының бәріне есігін айқара ашып отыр. Топ персоналды дамытуға инновациялық ұстанымдарды қолданып қана қоймай, стратегиялық көзқарас пен көшбасшылықтың жоғары деңгейін паш етіп келеді.
ERG Қазақстанда алғашқы болып 6 тау-кен металлургия компаниялары арасында зерттеулер жүргізіп, бенчмарк пен сараптама базасын құрды. Осылай тұрғырнама қаланып, компания өз бастамасын кеңейтуге даяр. Әрі 2025 жылдан бастап кәсіби қауымдастық тарапынан да қолдау тауып, зерттеуге қатысатын компаниялар саны ұлғая түсеріне сенімді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.