Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Мыңдаған жүректің үні: Шымкент Мемлекеттік рәміздер күнін елдік рухпен атап өтті
Жаңалықтар

Мыңдаған жүректің үні: Шымкент Мемлекеттік рәміздер күнін елдік рухпен атап өтті

04.06.2025

Шымкент қаласындағы ең биік Ту тұғырында мыңдаған жүрек бір ырғақта соғып, Мемлекеттік гимн әуеледі. Сағат 11:00-де қала аспанын шарлаған осы ерекше сәт елдің бірлігі мен патриоттық рухының символына айналды. Бұл кең ауқымды акция Мемлекеттік рәміздер күнінің басты оқиғасына айналып, шын мәнінде біріктіруші шара болды.

Алаңға қаланың түкпір-түкпірінен ақсақалдар, студенттер, мәслихат депутаттары, әртістер, ұстаздар, балаларымен келген аналар жиналды. Мыңдаған дауыс бір арнаға тоғысып, бұл хорда құрмет, мақтаныш және Отанға деген сүйіспеншілік сезілді.

Гимн орындалмас бұрын алаңда мерекелік шеру өтті. Көк байрақтың жүздеген үлкен және шағын нұсқалары желбіреп, алаңды рухқа бөлеп өтті. Артынша кенет тыныштық орнап, сол сәтте жүректер үндескендей, Гимн шырқалды.

Мерекелік шаралар сағат 16:00-де Арбатта жалғасады. Мұнда шығармашылық сайыстың: әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым, бейнеролик, іс-шара және сурет номинациялары бойынша байқау жеңімпаздары анықталады. Ерекше атап өтерлігі — суретшілер өз туындыларын сол жерде, көрермендердің көз алдында салады.

Кешкі сағат 20:00-де ShymCity саябағында мерекенің жарық шоу-презентациясы басталады. Мемлекеттік рәміздердің тарихы заманауи технологиялар арқылы музыкалық фонтанда бейнеленеді. Сонымен қатар амфитеатрда патриоттық әндер кеші өтеді. Бүкіл отбасы болып ашық аспан астында, музыка мен жарыққа, мағынаға толы кешті бірге өткізетін сәт болмақ.

Бүгін қаланың әр бұрышынан мерекелік көңіл-күй сезіледі. Сауда және ойын-сауық орталықтары да бұл күнге арнап концерттер, шеберлік сабақтары, ойындар мен флешмобтар ұйымдастыруда.

Дәл осы күні көк Туымыз түстес аспанға қарар болсаң, жүрегіңде ерекше сезім оянары анық: Қазақстан — бұл менің елім. Шексіз мақтанышпен, махаббатпен өмір сүргім келетін қасиетті мекенім.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.