Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»Кеше құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына жасаған баяндамамнан.
    Басты ақпарат

    Кеше құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына жасаған баяндамамнан.

    24.06.2025

    Қазақстан әділеттілікке, заң үстемдігіне және тәртіпке негізделген даму жолымен сенімді ілгерілеп келеді.
    Конституциялық өзгерістер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтті.
    Құқық қорғау органдары жазалаушы тәсілден профилактика қағидатына көшті.

    Халық саны өсіп жатқанымен, елдегі қылмыс деңгейі төмендеуде. Бұл — барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың жүйелі әрі нәтижелі жұмысының нақты көрсеткіші.
    Соңғы жылдары қылмыс деңгейі 2 есеге төмендеді, адам өлтіру мен зорлау – 50%, бұзақылық – 70%, қарақшылық пен тонау – 80% азайды.
    Қылмыстық индекс бойынша Қазақстан бірнеше жылда әлемдік рейтингте 60 сатыға көтерілді. Бұл – тұрақтылықтың, реформалардың және мемлекетке деген сенімнің объективті көрінісі.

    Елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы бекітілді. Ол тек күштік құрылымдарға ғана емес, бүкіл қоғамға қатысты.
    Басты мақсаттар – құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік, заңды құрметтеуді балалық шақтан қалыптастыру, мәдени-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту.

    Осыған байланысты қазіргі таңда оқушылар мен студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінуде – бұл еліміз халқының үштен бір бөлігін құрайтын топ.
    Мектептерде «Заң мен Тәртіп» пәні енгізілуде. Бұл бастама қоғам тарапынан қолдау тапты.

    Прокурорлар 2 миллион азаматтың әлеуметтік құқықтарын қалпына келтірді. 4 млрд теңге еңбекақы берешегі – ондаған мың қызметкерге қайтарылды, 12 млрд теңге алимент – балалардың пайдасына өндірілді, 630 млрд теңге – мемлекет кірісіне қайтарылды, 850 балалар үйінің түлектері мен әлеуметтік осал азаматтар баспанамен қамтамасыз етілді, тұрғын үй бөлу практикасы қайта қаралды.

    Ұрланған активтерді қайтару бойынша — 770 млрд теңге бюджетке қайтарылды.
    Осы қаражаттың есебінен 300-ден астам әлеуметтік нысан – мектептер, ауруханалар, спорт кешендері және шалғай өңірлердегі 2 миллионға жуық адамды таза ауыз сумен қамтамасыз ететін нысандар салынып жатыр.
    Прокуратура олардың мақсатты жұмсалуын мұқият бақылауда ұстап отыр.

    Активтерді заңдастыру туралы заң аясында 5,3 трлн теңгеден астам инвестициялар тартылған ірі жобалар бойынша ерікті келісімдер бар. Бұл – жұмыс орындары, инфрақұрылым және қылмыстың алдын алу тетіктері.

    Прокурорлар 1300-ден астам инвесторға көмектесті.
    Осы қолдаудың нәтижесінде 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, сақталды.

    Бизнестің құқықтарын қорғау саласында ілгерілеу байқалады: азаматтық істер бойынша инвесторларға қарсы талаптар – 25%-ға, ал бизнеске қатысты қозғалған қылмыстық істер саны – 3,8 есеге (1553-тен 406-ға) қысқарды.

    Құқық қорғау саласының цифрлық трансформациясы – басты бағыттарымыздың бірі.
    Қылмыстық істердің 95%-ы электрондық форматта тергелуде, тергеу мен істерді сотқа жолдау мерзімдері қысқартылды, тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелерінде бейнебақылау толық енгізілді. Нәтижесінде азаптау жағдайлары 4 есеге азайды.

    «Цифрлық қадағалау» жүйесі мен жасанды интеллект элементтері арқылы іздеуде жүрген қылмыскерлер мен борышкерлер автоматты түрде анықталады.
    Жыл басынан бері 2 500 іздеудегі тұлға ұсталды.
    IT-технологиялар — құқық бұзушылықтардың алдын алудың және «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асырудың маңызды құралына айналды.

    Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл күшейтілуде: халықаралық колл-орталықтар жойылуда, SIM-бокстар мен SIP-телефония бұғатталуда.

    Есірткі бизнесімен күресте жаңа тәсілдер енгізілуде.
    Химиялық заттардың айналымына толық бақылау орнатуға бағытталған Таргетинг-орталық іске қосылды. 10 млрд теңгеден астам есірткі қаржысы бұғатталды.

    Қазақстан Еуропалық құқықтық көмек туралы Конвенцияға қосылу жөнінде ресми шақыру алды. Бұл – құқықтық және дипломатиялық үлкен жетістік. Бұл – Еуропалық Одақтың Қазақстанның құқықтық жүйесін мойындауы. Мұнда Мемлекет басшысының рөлі ерекше болды.

    Барлық осы реформалар мен бастамалар – бір мақсатқа бағытталған:
    Әділетті Қазақстан құру. Онда заң – бәріне ортақ, ал тәртіп – дамудың негізі.

    Бас Прокурор Б.Асылов

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.