Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті
Жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті

08.08.2025

Құрылысшы күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті.
2025 жылы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік наградалар жүйесіне алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағы енгізілді.
«Мемлекет басшысы адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы еңбек адамының беделін арттыруды көздейді. Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін атап көрсетті. Бұл – сіздердің еңбектеріңізді мемлекеттік деңгейде бағалау мен нақты қолдаудың шынайы көрінісі.
Үкімет тарапынан алдағы уақытта да отандық құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, қажетті инфрақұрылымды дамытуға және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға басымдық беріледі. Біз жаңа технологияларды енгізу және кәсіби стандарттарды жетілдіруге жағдай жасауды жалғастырамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сөз барысында Премьер-министр елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі құрылыс секторының маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанның ЖІӨ-дегі саланың үлесі 6%-ға жетеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 19 млн м2 астам, оның ішінде 170 мыңнан астам тұрғын үй нысандары пайдалануға берілді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында – 120-дан астам мектеп пен балабақша, 30 денсаулық сақтау нысаны салынды. Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылдың басынан бері 18%-ға өсті.
Президент қойған құрылыс үдерістерін жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде цифрлық шешімдерді енгізу, бюрократиялық кедергілерді жою және саланың кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі өзекті тәсілдерді көрсететін жаңа құрылыс кодексі әзірленді.
Жиында марапатталғандардың атынан құрылыс саласының ардагері Қайсар Омаров пен «СAPITAL GROUP ST» ЖШС инженері Бауыржан Махан сөз сөйледі. Құрылыс секторының қызметкерлері Мемлекет басшысына олардың еңбегін жоғары бағалап, жұмысшы мамандықтарын дамытуға көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.
«Келе жатқан мереке қарсаңында Мемлекет басшысына «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» атағы қайтадан мемлекеттік наградаға айналғаны үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл бізге, құрылысшыларға деген ерекше құрмет», — деп атап өтті құрылыс саласының ардагері Қайсар Омаров.
«Бүгінде құрылыс саласын дамыту — Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтардың бірі. Президенттің қолдауының арқасында соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды дамып келеді. Көрсеткіштердің артында тек статистика ғана емес, әрбір кірпішке салынған орасан зор еңбек тұр», — деп толықтырды «СAPITAL GROUP ST» ЖШС инженері Бауыржан Махан.
Құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Олжас Бектенов үздік қызметкерлерге Президент атынан марапаттар табыс етті.
@KZgovernment

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.