Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты
Жаңалықтар

Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты

13.08.2025
12 тамызда Шымкентте Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. Jastar Fest фестивалі жүздеген жасты жинап, мерекелеумен қатар, құны 1 млн теңгеге дейінгі гранттармен жаңа жобаларды іске қосты.
Негізгі оқиға – қалалық еріктілер бастамалары байқауының қорытындысы болды. Екі ай ішінде байқауға 36 автордан өтінім келіп түсті. Жобалар тақырыбы – экологияны қорғау, медициналық еріктілікті дамыту, толық емес отбасылардағы жасөспірімдерге көмек көрсету және жануарларға арналған панажайларды абаттандыру.
Жеңімпаздарды бизнес, БАҚ және ҮЕҰ өкілдерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады. Ең үздік бес жобаның авторлары өз идеяларын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеден грант алды. Ал белсенділер алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтарға ие болды. Қаланың еріктілері бүгінде өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді атсалысып, соның ішінде «Есірткісіз қоғам» құру ісіне елеулі үлес қосып келеді.
Фестиваль «Жас драйв» жаңа грант маусымының да басталу нүктесі болды. 12 тамыздан 11 қыркүйекке дейін шымкенттік жастар өз жобаларын төмендегі бес бағыттың бірі бойынша ұсына алады:
•ActiVO – «Ерікті жас» (Жыл еріктісі)
•CityVibe – «Көрікті қала» (Жастарды өзгертетін қала)
•NOx – «Есірткісіз қоғам»
•Innovation + Pulse – «Жас ғалым»
•My family – «Отбасы – басты құндылық»
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жақын күндері «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына да өтінімдер қабылдау басталады. Ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа және еріктілік салаларындағы ең үздік алты жоба да 1 млн теңгеден грант иеленеді.
«Біз жастарға жай ғана қолдау сөздері емес, нақты мүмкіндіктер қажет екенін түсінеміз — білім алу, бизнеске көмек, заманауи қала ортасы және ашық диалог. Осы мүмкіндіктерді шынайы ету үшін барымызды салып жатырмыз», — деді мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Мерекенің атмосферасын «Жайдарман» жұлдыздары Ұлан Мамырбекұлы мен Нұрым Досболдың TEDx форматындағы мотивациялық сөздері, Gentleman және Happiness топтарының, Бағлан Жолдасовтың концерттері, интерактивті ойындар, Romano-ның DJ-сеті және жарқын фейерверк толықтырды.
Бүгінде Шымкентте 400 мыңға жуық жас тұрады, олардың 134 мыңы — студент. Биыл олардың 41 мыңнан астамы дипломды маман атанады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.