Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТ: «TAZA ALEM» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «TAZA ALEM» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

27.08.2025

Шымкент қаласының ерікті жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Тарихи күндер тізбегімен» атты өңірлік мәдени-танымдық фестивалі қарсаңында Маятас демалыс аймағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шара экологиялық мәдениет пен табиғатты қорғауға бағытталған ауқымды бастамалардың бірі болып табылады.

Акцияның басты мақсаты – табиғи аумақтың тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сондай-ақ, алдағы фестивальдің өткізілуіне қолайлы және таза орта дайындау шараның маңызды міндеті. Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында ерікті жастар қураған бұтақтарды жинап, қоқыс қалдықтарын тазалап, демалыс орнын абаттандыруға белсене атсалысты. Бұл іс-шара қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, қоғамның экологиялық жауапкершілігін нығайтуға үлкен үлес қосады.

Акцияға 100-ге жуық ерікті жас қатысып, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары бірлесіп, Маятас демалыс аймағында экологиялық жағдайды жақсарту үшін түрлі жұмыстарды атқарды. Жастардың табиғатқа деген қамқорлығы, олардың экологиялық сана-сезімін арттыруға және қоғамды табиғаттың қорғаушысы болуға шақыруға негізделген. Осылайша, мұндай шаралар жастарды табиғатты қорғау бойынша белсенділік танытуға ынталандыруда.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент жастары «Taza Alem» атты кең ауқымды экологиялық акциясын ұйымдастырған болатын. Аталған акция аясында қала маңындағы Бадам су қоймасында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, 500-ге жуық ерікті жас табиғатқа өз үлестерін қосты. Бұл шараға Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері, еріктілер қозғалысының мүшелері және коммуналдық мекемелердің жұмысшылары белсене қатысып, су қоймасының жағалауын пластик, шыны және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарын қолдау мақсатында 7 арнайы техника тартылып, қоқыстар шығарлыды.

Аталған экологиялық акциялар табиғатты қорғау мақсатындағы бір-бірімен жалғасын тауып отырған маңызды шаралар болып табылады. Шымкент жастары алдағы уақытта да осындай іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, қоршаған ортаға жанашырлық танытуға өз үлестерін қоса беретін болады. Бұл бастамалар қала тұрғындарын, әсіресе жастарды табиғатқа деген жауапкершілікпен қарауға, оның тазалығын сақтауға шақырады.

Мұндай экологиялық іс-шаралар табиғатқа деген қамқорлықты күшейтумен қатар, қоғамды экологиялық проблемаларға мән беруге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағыттайды. Жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымдары олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, болашақта табиғаттың сақталуына елеулі әсер ететіні сөзсіз.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.