Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Әлемдік деңгейдегі Atari гейминг корпорациясы Шымкентте өтетін Global Tech Wave конференциясына қатысады
    Жаңалықтар

    Әлемдік деңгейдегі Atari гейминг корпорациясы Шымкентте өтетін Global Tech Wave конференциясына қатысады

    05.09.2025

    Орталық Азиядағы алғашқы ауқымды цифрлық конференция — Global Tech Wave Central Asia (GTW CA) — ның негізгі серіктестерінің бірі ретінде аты аңызға айналған Atari компаниясы қатысатынын мақтанышпен хабарлаймыз. Конференция 2025 жылдың 12-14 қыркүйегі аралығында Шымкентте өтеді. GTW CA — аймақта теңдесі жоқ, жаңа форматтағы, орталықтандырылмаған үш күндік бірегей конференция.
    GTW CA — бұл технологиялық алпауыттар, стартаптар, креаторлар, венчурлық қорлар және цифрлық трансформация көшбасшылары бас қосатын идеялар, инвестициялар, инновациялар мен креатив кеңістігі.
    Конференцияда ойын индустриясының дамуымен тікелей байланысты Atari аңызға айналған ойын корпорациясы таныстырылады.
    Atari — видео ойындар тарихындағы ең танымал брендтердің бірі. Компания 1972 жылы құрылған және цифрлық ойын-сауықтардың алғашқы дәуірінің символына айналған Mortal Kombat, Asteroids және Centipede сияқты культтік ойындарды шығарды. Бүгінде Atari ойын, блокчейн шешімдері, Web3 және интерактивті цифрлық өнімдер саласында жұмыс істеп, цифрлық экономиканың жаңа буынындағы инновацияларды ілгерілетуде.
    Конференцияның басты спикері — Jessica Tams, Atari директорлар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер және гейминг пен digital-инновациялар саласы бойынша халықаралық сарапшы, сондай-ақ, Global Tech Wave халықаралық деңгейдегі компаниясының негізін қалаушы.
    Ол өз сөзінде ойын индустриясының болашағына қатысты көзқарасымен және Орталық Азияға арналған стратегиясымен бөліседі. Сонымен қатар, гейминг индустриясы үшін жаңа қоғамдастық болып саналатын Game nations идеясын таныстырады.
    Global Tech Wave Central Asia — бұл тек технологиялық прогресс платформасы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзіндік мәдени бірегейлігін бүкіл әлемге танытуға тамаша мүмкіндік.

    Контакты для СМИ: ‪+77753272575‬, Жанель Байназар

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.